Әр жұма сайын тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап келе жатқан мәдениет және өнер фестивалі ауданымыздың 95 жылдық мерейтойын насихаттаумен қатар, аудан тұрғындарына мәдени және рухани көңіл күй сыйлап келеді.
Жұма күні Игілік ауылдық округінің өнерпаздары «Саялы өлкем – Сарысуым» атты мәдениет және өнер фестивалі аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Мерекелік концерттік шарада ауыл өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, жұртшылықтың ризашылығына бөленді.
Игілік ауылдық балалар өнер мектебінің оқушылары мен ұстаздары ұлтық өнердің ұлықтайтын қазақтың домбырасымен күйді күмбірлетсе, әншілер жан жадыратар әндер айтып, бишілер тобы мың бұрала би биледі.
Аудан жастары бұл шарада белсенділік танытты. Көрермендерге арналған интеллектуалды ойындар ойнатты.
Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой аясында өтіп жатқан шараның маңыздылығына тоқталды.
Осы күні аудан жастарының ұйымдастыруымен Игілік ауылдық округінде өткен "Үздік аспазшы - 2023" байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Аудан жұртшылығына арналған мәдени және рухани шара әр аптаның жұмасы күні жалғасын табатын болады.