Күй құдіретіне арналған кеш

Күй құдіретіне арналған кеш

Биыл әйгілі қобызшы Ықылас Дүкенұлының туғанына – 180 жыл. Осыған орай, Нұрғиса Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатта «Өлмейтін өмір кілті – өнерде» атты танымдық кеш өтті. Кешті аталған мектеп-интернат директоры Гүлзира Тойшыманова ашып беріп, қазақ қастерлеген қобызшының ел аузында жүрген қасиеттеріне тоқталды. Мұнан соң, Ықылас күйшінің шөбере ұрпағы, облыстық «Педагог тәлімі» журналының бас редакторы Гүлнар Есмаханова сөз алып, әйгілі қобызшының ұрпақтары, асыл қасиеттері, күйлерінің тарихы жөнінде таратып айтып берді. 

Мұнан соң Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің аға оқытушысы Гүлназ Шабанбаева Қорқыттың «Қасқыр ұлығанда», «Ерден» күйлерін қобызбен тартып берсе, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының күйшісі Рауан Әбілқасов Қорқыттың «Жез киік», «Аққу» атты күйлерін жоғары шеберлікпен орындады. Сондай-ақ қонақтар оқушылардың түрлі сұрақтарына жауап берді. Ал өз кезегінде аталған мектеп-интернаттың дарынды оқушысы Әскербек Жамантай Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйін, Ажар Қойбағар Дәулеткерейдің күйі «Қосалқаны», Асылхан Садық халық күйі «Келіншекті» орындады. Сондай-ақ өнерлі оқушылар Сара Рысалды, Аруна Қанатбек, Дархан Әзірбай Ықылас бабамызға арналып жазылған қазақ ақындарының өлеңдері мен белгілі тұлғалардың арнау сөздерін оқып берді. Іс-шарада ән әуелеп, күй күмбірледі. Нұрғиса Тілендиев атындағы мектептің шын мәнінде өнерлі білім шаңырағы екеніне көзіміз жетті. Осы істі ұйымдастыруда ұйымдастырушы-педагог Айжан Мырзахметованың үлесі үлкен. Іс-шараны аталған ұжымның басшысы Гүлзира Жақсыбекқызы қорытындылап, қонақтарға алғысын білдірді.

Есет ДОСАЛЫ, Ақ жол газеті
30.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 63
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 114
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 48
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 36

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 342
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6444
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8156
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6525
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6660