Мәслихат депутаты халыққа қызмет ете ме, әлде ол әкімдіктің құзыретіндегі «жанды қуыршақ» па?

Мәслихат депутаты халыққа  қызмет ете ме, әлде ол әкімдіктің құзыретіндегі «жанды қуыршақ» па?

Үстіміздегі жылдың  29 қарашасында елімізде Мәслихат депутаттарының кезектен тыс  сайлауы өтпек. Өздеріңіз білесіздер, бір мандатты Құрылтай сайлауын дүркіретіп өткізіп тастадық. Вице-президент  тағайындалды. «Аманатты» тарих қойнауына аттандырып жіберіп, оның орнына  «Әділет» партиясын әкелдік. «Халық кеңесі» өмірге келді. Енді мінеки, Мәслихат депутаттарына  кезек келді. Сайлауға облыстық, қалалық, аудандық үміткерлер қатысады. Оларды  3447 су жаңа мандаттар күтіп тұр. Сайлауға партия өкілдері қатыса алады. Сондай-ақ жеке адамдардың осы сайлауға қатысуға құқығы бар. Қатысу үшін үміткерлер төленетін ақшаның көлеміндей қаржы құюың керек. Ол 425 мың теңге. Бұны көп адамдардың қалтасы көтермейді. Жалпы ресми үміткерлерге бөлінетін ақша көлемі, сайлауға кететін қаржыны есептесек, оған шашың жетпейді. Қып-қызыл шығын!   

  Сонымен Мәслихат депутаты кім? Соған аздап тоқталайық. Мұның алдында мына оқиғаны айта кеткенді жөн санап отырмын. Жер дауымен бір кәсіпкердің шағымын шешу үшін анау-мынау емес, Алматы қалалық депутатына бардық. Бізді қабылдап, тыңдады. Содан соң ағыл-тегіл ақыл-кеңесті төкті дейсің. Шыдадық. Сонымен бәрі бітті. «Ақыл-кеңесіңізге рақмет! Бірақ сіз мына кәсіпкерге қандай көмек бере аласыз?» дедім мен. «Мен ондайға көмек бере алмаймын. Оған біздің құзыретіміз жетпейді» деді ол шынын айтып. «Қап! Қаншама уақыт кезекке тұрдық. Мәселені шешіп бере алмайтын мұндай депутаттың барынан жоғы!» деп кәсіпкер ашуланып қалды. Мінеки, депутаттың сиқы осындай. «Жанды қуыршақ па?» деген күмәнімізге Мәслихат депутаттары әбден ренжуі мүмкін. «Барынан жоғы»» деп күйінген кәсіпкердің сөзінде ащы шындық жатыр ғой. Сонымен мәслихат депутаттары не істей алады, қолында қандай құқықтары бар, соған тоқталайықшы. Бұрын белсенді Мәслихат депутатын Сенатқа өткізуге мүмкіндік бар болатын.  Қазір Сенат жоқ. Жай депутаттар айлық алмайды. Мәселен оның бюджетке араласқысы келсе де араласа алмайды. Әкімдер бюджет мәселесін Мәслихатсыз шешеді. Себебі бюджетті  талқылауға басынан бастап депутат қатысқан жоқ. Амал жоқ, әйтеуір қол қоя салады. Депутаттар бас жоспарды бекіту, жер қатынастарын реттеу, экологияны қорғау және  әлеуметтік мәселелермен айналысады. Әкімдік қызметкерлерін де тағайындауға келісімін бере алады. Бірақ мұндай батылдыққа олар бара алмайды-ау. Жоғары жақ ұсынған әкімнің өтетіні анық. Мәслихат әрдайым дайын. Негізі Мәслихат билік пен халықтың арасында көпір болуы тиіс тұлға. Бірақ халық өз депутаттарын білмейді. Президентіміз де, Үкімет те Мәслихат депутаттарының өкілеттілігі мен мәртебесін күшейту керек деді. Бірақ оны қалай күшейтеді? Ол бөлек мәселе. «Жанды қуыршақтан»  айбарлы депутатқа айналу ол азаматтың өзіне байланысты. Жаңашылдық, отаншылдық, белсенділік қажет. Ондай депутаттар жоқ емес, бар. Солардың қатарына тұрайық. Сонда ғана халық сіздерге сенетін болады. 

  Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ

 

23.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28803
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28334
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45628
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41272
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45945