№177 мектеп-гимназияда педагог-зерттеуші біліктілік санатындағы педагогтердің ұйымдастыруымен «Зерттеушілер» айлығы өтті. Осы айлыққа орай педагог-зерттеуші санатындағы мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті және мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау мақсатында мектепішілік семинарлар ұйымдастырды.
Семинарларда педагогтердің кәсіби дамуына жол ашу және білім беру ісіндегі жаңа, заманауи трендтерді, әсіресе жасанды интеллектті қолданудың рөлін түсіндіруге басымдылық берілді. Мұғалімдер жаңа технологиялар мен инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы оқушыларды қызықтырудың және олардың білім сапасын арттыру жолдарының ұтымды жағын ұжымға практикалық тұрғыда көрсетті. Интерактивті сессиялар барысында педагогтер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге қажет жаңа идеялар мен көзқарастар қалыптасты. Педагогтердің жасанды интеллектті қолдану арқылы оқыту әдістерін жетілдіруі оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етті. Зерттеушілер айлығы – ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру, педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету және оқушылардың білім алуын жетілдіру үшін маңызды кезең болып табылады. Мектеп ұжымы осындай семинарларды алдағы уақытта да жалғастыруға ниетті.
Гүлмира ТАЙГЕЛТИРОВА,
директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары,
Алматы қаласы