Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы: Қазақ радиосынан «Абай жолы» роман-эпопеясының аудионұсқасы беріледі

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы: Қазақ радиосынан «Абай жолы» роман-эпопеясының аудионұсқасы беріледі

Аудиокітап форматындағы хабар наурыз айында басталып, қыркүйек айына дейін жалғасады. Бұл туралы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас редкаторы- «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев фейсбук желісіндегі парақшасында жазды.

«Ұлы прозаик Мұхтар Әуезовтің дүниеге келгеніне биыл 125 жыл. Осыған орай тыңдаушыларға 2 наурыздан бастап «Абай жолы» роман-эпопеясын ұсынамыз. «Көкжиек» хабары аптасына 7 күн, сағат 21.00 де эфирге шығады. Кітапты Қазақ радиосының белгілі дикторы Аманжан Серіков дыбыстаған»,- деп жазды радиоарна басшысы.

«Абай жолы» эпопеясы Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы, қазақ халқының тұңғыш эпопеясы. Ол 1942 жыл мен 1956 жылдар аралығында жазылып, жарыққа шықтыұ. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына “Лениндік сыйлық”(1959) берілген.

Айта кету керек, бұған дейін  Қазақ радиосының эфирінен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының аудионұсқасы, сондай-ақ, Тахауи Ахтановтың «Боран», Хамза Есенжановтың «Ақжайық»; жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романдары мен Президент оқуға ұсынған кітаптар тізіміндегі Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақ білек»; Әбіш Кекілбаевтың «Үркер»; Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді»; Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері»; Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»; Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ»; Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты»; Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» еңбектері мен Т. Әлімқұловтің әңгімелері де аудиокітап форматында әуе толқынынан берілген.

01.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 112
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 164
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 36
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 115
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 111
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 164
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 214
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 218
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 205
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 215
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 219
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 215

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11322
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10256
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13502
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12456
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17464