Орталық Азия елдерінде қазақстандық театрлардың орны бөлек – театртанушы

Орталық Азия елдерінде қазақстандық театрлардың орны бөлек – театртанушы

Статистикаға сүйенсек, елімізде 120 театр жұмыс істейді. Олардың 70-сі мемлекеттік, ал тәуелсіз театрлар саны 50-ге жуықтады. Ал театрлардың ең көп шоғырланған жері – Алматы. Осы ретте біз театртанушы Мәншүк Ташимовамен әңгімелескен едік.

– Еліміздегі театр өнерінің бет алысы қандай? Жастар лабораториялары құрылды, бұған не дейсіз?

Орта Азия мен түркітілдес бауырлас елдермен салыстыра айтсақ, еліміздегі театр индустриясында үлкен өзгерістер болып, көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Фестивальдік биографиямыздың аясы кеңіп, республикалық, халықаралық театр фестивальдерінің саны өсуде. Сапасы әрқилы әр театр облыстық, аймақтық театр мерекелерін көбейтіп, өткен 2023 жылдың өзінде жиырма бір театр фестивалінің өтуі қуантарлық жайт болып отыр. Театрлардың саны күрт көбеюде, мемлекеттік театрлардың саны 70-тен астам, ал тәуелсіз театрлар 50-ге жуықтады. Әр облыста жастар лабораториялары құрылды. Олар театр фестивальдеріне қатысып, өз өнерлерін паш етуде. Инклюзиялық театрлардың пайда болуы, Алматыдағы «Трансформа», «Действие буквально», Астанадағы «Қанаттылар», облыстардағы театр лабораториялары кезінде бір реттік жоба болады деген қасаң пікірлерді жойды. Сонымен қатар облыстық театрлардың жанынан қуыршақ труппалары ашылып жұмыс істей бастағаны, әрине, қуантады. Бұл сандық көрсеткіш болғанмен, саннан сапаның туындайтыны тағы бар.

– Қуыршақ театрындағы үлкен мәселе – балаларға арналған қойылымдардың жоқтығы. Осыған не дер едіңіз?

Драма театрларының жанынан ашылып жатқан қуыршақ труппаларының көбейіп жатқаны қуантқанымен, шығармашылық дайындықтан өтпегені, кемелі келіп, қуыршақ театрының қазанында мақсат-мүдделеріне сай шыңдалмағаны қуыршақ театр фестивальдерінде бірден көзге ұрып көрініп қалды. Ондай труппалар қойған спектакльдер шығармашылығы төмен деп саналатын облыстық қуыршақ театрларының деңгейіне маңайлай алмағаны шындық. Яғни бұл еліміздегі театрларға нағыз өз ісінің шеберлері – қуыршақ театрының режиссерлері мен актерлері, қуыршақ жасаушы шеберлер мен суретшілер, т.б. толып жатқан кәсіби мамандардың жетіспей жатқанын дәлелдейді. Қуыршақ театрындағы үлкен мәселе – балалар драматургиясының жоқтығы. Жазылып жатқан пьесалардың аздығы немесе сапасының төмендігі тағы бар. Балалар театрларына арналған драмалық шығармаларға бәйге жариялауды нақты жолға қойып, үздік шығармаларды жинақ етіп шығарып, балалар драматургиясына арналған сайттар арқылы жариялап, сан арқылы сапаға шығу жағын қарастырмасақ, сол бұрынғыдай қазақ баласын орыстың, шетелдің түрлі ертегілерімен тәрбиелеп, дүбараның күйін кешіп отыра беретінімізге шүбә келтірмейміз. Қуыршақ театры туралы сөз еткенде, ғасырға жуық тарихы бар Мемлекеттік қуыршақ театрының репертуарына мән беретініміз заңды. Соңғы сахналанған «Анасын аңсаған мамонт», «Етік киген мысық» спектакльдерінің екеуі де шетелдік авторлардан аударма әрі кеңес дәуірінде көптің жүрегін жаулаған мультфильмдерден алынған көшірме екенін байқадық. Жалқау, жатыпішер жігіт, дүниенің бәрін алдап, өз қожайынын патшаның қызына қосатын мысықтың іс-ірекеті қай балаға үлгі бола алады. 

– Театрға қадам басқан жас режиссерлерімізден жаңашылдық лебі сезіле ме?

Жалпы, бүгінгі режиссурада ізденістер де жоқ емес. Форма қуу басым, тіл мен сөз қалып барады. Бұл жайында театртанушылар да, әдебиетшілер де көп айтып жүр. Форма бірінші планға шығып, сөздің мәйегіне мән беру артта қалды. Мәселен, Әуезов театрының сахнасында литвалық режиссер Вайткус қойған «Қорқыттың көрі» қойылымында драматургия мен форма бар, сөз бен актерлік ойын да бар, сауатты режиссура көзге ұрады, костюмдер тамаша, атмосфера қандай – бәрі де бар. Бұрын басқа спектакльдерден көріп жүрген актерлер мүлдем басқа қырынан көрінді, тіпті дауыстарына дейін өзгеріп кеткеніне таңдандық. Тек форма қумай, мазмұнын ашуға болатынын, тілді де жоғалтпау керектігін режиссер дәлелдеп берді. Яғни, режиссерге көп нәрсе байланысты екенін бұл спектакль айқындай түсті (З.Исламбаева). Бүгінгі жас драматургтерде сахнаның құнары саналатын тіл жоқ, көрермен құлағының құрышы қанып отырып тыңдау керек деген пікірлер көп айтылып жүр. Осындай әлсіз драматургиядағы сөзді тәжірибесіз актерлер ойнаса, көркемдіктің деңгейін анықтау қиын емес. Соңғы кезде аты шыққан жұлдызды актерлерді немесе интернет арқылы аты шыққан актрисаларды бөтен қалаларға шақырып рөл ойнату сәнге айналғандай.

baq.kz
30.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 66
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 120
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 29
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 69
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 67
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 120
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 153
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 155
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 145
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 152
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 158
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 152

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11280
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10216
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13462
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12416
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17424