Сыртқы саясаттағы танымалдық Қазақстан беделін асқақтатып тұр

Сыртқы саясаттағы танымалдық Қазақстан беделін асқақтатып тұр

«Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясаты тұжырымдамасы» бойынша Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі әріптестері  – Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО,  ТМД -ның бірқатар елдері – Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Орталық Азия республикаларымен екіжақты ынтымақтастық нығайып келеді. Қазақстан сыртқы саясатын шартты түрде азиялық, еуропалық және посткеңестік деп  шартты үш векторға бөліп қарастыруымызға болады. Сәйкесінше, аталмыш үш бағыт бойынша да сыртқы саяси байланыс институционалдық тұрғыда халықаралық, аймақтық ұйымдар арқылы әрекеттесуде. Азиялық бағыт бойынша Шанхай Ынтымақтастық ұйымы аясындағы әрекеттерін, Еуропалық бағыт бойынша аймақта НАТО, ЕЫҚҰ ұйымдарымен белсенді қарым-қатынасын, пост-кеңестік бағыттағы байланысына  Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы интеграциялық саясатын, Ұжымдық Қауіпсіздік ұйымы аясындағы дипломатиялық қызметтерін жатқызамыз. Яғни, қазақстандық модельдегі көпвекторлы сыртқы саясат қажетті деңгейді  әрбір вектор бойынша институцияланған.

Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғауға бағытталған. Қазақстанның ұлттық мүдделері Қазақстан халқының ұлттық мұрасы мен ұлттық құндылықтарына негізделген, экономиканың мүмкіндіктерімен, мемлекеттің саяси және әскери ұйымымен, қазақстандық қоғамның рухани, адамгершілік және интеллектуалдық әлеуетімен қамтамасыз етілген. Қазақстанның ұлттық мүдделерінің жүйесі жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің негізгі мүдделерінің жиынтығымен анықталады. Қазіргі кезеңде жеке тұлғаның мүдделері конституциялық құқықтар мен бостандықтардың, жеке қауіпсіздіктің нақты қамтамасыз етілуінде, өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсартуда, физикалық, рухани және интеллектуалды дамуда. Бұған дәлел сыртқы саясаттағы жетістіктер. Мысалы  осыдан бірнеше жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан  құттықтаулар келіп түсті. Былай қарасыңыз жай нәрсе секілді. Бірақ шынтуайтында бұл сыртқы саясаттың жемісі.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ел Үкіметі мен халқының, сондай-ақ өзінің атынан жолдаған құттықтау жеделхатында  достас Қазақстан халқына бақ-береке, ал Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық және оның жауапты жұмысына табыс тіледі.– Мен Қытай және Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың дамуына айрықша мән беремін. Сіздің Қытайға мемлекеттік сапармен келетініңізге және биыл мамыр айында өтетін алғашқы «Қытай – Орталық Азия» саммитіне қатысатыныңызға қуаныштымын. Екі елдің ынтымақтастығын  одан әрі дамыту, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланысты нығайту мәселелері жөнінде өзіңізбен пікір алмасамыз деп сенемін, – деп жазылған Си Цзиньпиннің жеделхатында.  

АҚШ Президенті Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады.– Елдеріміздің арасындағы өзара стратегиялық серіктестік пен халықтарымыздың достық қарым-қатынасы бүкіл аймақтағы бейбітшілікті сақтауға және өңірді өркендетуге септігін тигізеді. Бүгін Астанадан Алматыға дейінгі және бүкіл ел тұрғындары көктемгі жаңару мерекесін тойлайды. Қазақстанның жарқын болашағын және елде тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін Сіздің саяси және экономикалық реформаларыңызды Америка Құрама Штаттары әрдайым қолдайтынын растаймын. Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын! – деп жазған Джо Байден.

Қоғам мүдделеріне демократияны нығайту, қоғамдық келісімге қол жеткізу және қолдау, халықтың шығармашылық белсенділігін арттыру және Қазақстанның рухани жаңғыруы жатады. Әрине, Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыты шекаралардың мызғымастығын және мемлекеттің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, оның конституциялық жүйесін басқа мемлекеттердің ықтимал қол сұғушылықтарынан қорғау жөніндегі қызмет болып табылады және болады. Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатты таңдауы 1991 жылғы Президент сайлауынан кейін белгілі болған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр мен көлеңке» атты еңбегінде «Бұл жерде көпвекторлы сыртқы саясат дегеніміз басым бағыттардың барлығы бойынша бір сәтте дипломатиялық күш-жігерді жұмсап, соңында нақты нәтижеге қол жеткізе алмау емес. Көп векторлық деген мемлекеттің сыртқы саяси курсының қандай да бір әріптес-мемлекеттің іс-әрекетінен, әлемдік рынок конъюнктурасынан тәуелсіз болуы деп түсіну қажет. Тәжірибелік тұрғыда көпвекторлылық деген ең бірінші көрші елдермен, ТМД-ға мүше мемлекеттермен және Батыстың, Азияның, Таяу Шығыстың жетекші елдерімен ынтымақтасу болмақ» деп жазды. Ал кейінірек, 2001 жылдың 15 наурызындағы Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасында көпвекторлы сыртқы саясат негізгі басымдық ретінде айқындалды. Аталған құжатта ЕЭО, АӨСШК, Орталық Азия, ШЫҰ-мен интеграциялық үрдістерді дамытуға басымдық берілді. Сонымен қатар Ресей, Қытай, ТМД елдері, АҚШ, ЕО, Жапония, Үндістан, Түркия және Иранмен байланысқа назар аударылды. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ішкі-сыртқы саясатының басымдықтары Президенттің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы халыққа Жолдауында айқын көрсетілген. «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында халықаралық процестердің тең құқықты қатысушысы болып қалыптасты және біз қолайлы сыртқы ахуал құруға қол жеткіздік. Біздің басымдықтарымыз өзгермейді – көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия елдерімен серіктестікті дамыту мәселесі болып табылады» - деп атап өткен.

 

Нағашыбай Қабылбек

19.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24430
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24092
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41540
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37447
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41803