«Тарихы терең қолөнер»

«Тарихы терең қолөнер»

 

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласындағы «Ұлы дала тарихы» этно саябағында дәл осындай атаумен көрме-жәрмеңке өтті. Оған кеншілер қаласында ағаштан түйін түйіп, жүн мен матадан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасайтын балды бармақ шеберлер қатысты.

 

Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан көптеген нәрсені көрсетіп, алуан түрлі сыр шертеді.

Соның бір саласы дәстүрлі қол өнер. Қолданбалы өнер дегеніміз дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Ұсақ өндіріс десек те, қолөнершілер үлкен дүниелерді тудырушылар. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.

Дей тұрғанымен, қазіргі таңда осынау қастерлі өнерді кәсіп етіп, содан нәпақасын айырып жүргендер аса көп емес. «Тарихы терең қолөнер» атты көрме жәрмеңкені өткізудегі басты мақсатта кәсіптің осы түрін жарнамалай отырып, оның дамуына ықпал ету.

Сонымен, қол өнер шеберлері мен суретшілер қатысқан көрме-жәрмеңкеге келгендер шеберлердің қолынан шыққан әсем туындыларды тамашалап қана қоймай, өздеріне қажетті бұймдарды да сатып алып жатты. Солардың дені құрақ көрпе мен өзге де тұрмысқа қажетті бұйымдар тігіп әкелген шебер Ақмарал Сәдуақасованың шатырының қасына шоғырланды. Мұнда тқркөрпе мен жастықтардың, тойға қажетті кәдесилар мен тұрсыста тұтынатын қолсөмкелердің не бір түрлері бар екен. Ең қызығы, Ақмарал үстіміздегі жылдың 4 маусымы күні Астана қаласында өткен «Аламан құрақ» фестиваліне қатысып, Гиннестің рекордтар кітабына енген 500 метрлік құрақ көрпені құрағандардың бірі болып шықты.

– Мен бұл кәсіппен бала жасымнан шұғылданамын. Үлкен атам Сәдуақас Бостыбайұлы өз заманында мықты шебер болған кісі. Атамның қолынан шыққан ертоқым, жүген сияқты ат әбзелдері, саптама етікетік, белдік бүгінде Жезқазған қаласындағы облыстық өлкетану музейінде сақтаулы тұр. Анам да ісімер. Сол кісілерден қонған шығар. Әуелгі кездері қолдан әртүрлі бұйымдар тігу хоббиім болған еді. Кәзір кәсіп көзіне айналды. Өңір тұрғындарының тапсырысымен қыз жасауын дайындаймын. Шапандар тігемін. Сол арқылы табыс тауып отырмын, – дейді Ақмарал бізбен әңгімесінде. Орайы келгенде біз Астанадағы фестиваль жайлы да сұрады. Ақмаралдың айтуынша фестивалге Ұлытау облысы бойынша 12 шебер қатысыпты. Қатарларында сексенге таяған әжелер мен орта жастағы апалар да болыпты. Фестивальдің шарты бойынша әр қатысушы үйлерінен көк туымыз түсті көгілдір матадан құрақ құап апарған. «Бір ғажабы, сол құрақ көрпелер бір-біріне жалғағанда бәрі бір кісінің қолынан шыққандай болды. Мұның бәрін 250 шебер тікті дегенге ешкім сенбес еді» дейді Ақмарал Сәдуақасова ағынан жарылып. Қазақ көрпесін әлемге паш еткен қол өнер шеберлерінің бұйымдарына қызығушылық танытқан тұрғындар сол жерде тапсырыс та беріп жатты.

Көрмеде елдің сұранысын тудырған тағы бір көлөнегші ағаштан кәдесыйлар жасайтын жас жігіт – Кемел Болатов болды.

«Шеберлінің қолында, кәсіп болған бұл ағаш» деп Қашаған жырау айтпақшы ағаштан түйін түйіп жүрген жігітімізді бүгінде Ұлытау-Жезқазған өңірінің жұртшылығы бір кісідей біліп қалған сияқты. Өйткені оның қолынан шыққан кәдесилар қазір кез келген тойтың «Тойбастар» қоржынында жүр.

Кемел бүгінгі таңда «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорнында жұмыс істейді екен. 2022 жылы облыс әкімінің жастарға арналған грантын ұтып алып, осы іске бел буа кіріскен. Ол таза қайың ағашынан Құрн салатын қорап, әшекей бұйымдар салуға арналған қобдишалар жиынтығын, қыран құс бейнесіндегі қабірға сағатын, ұялы телефондарға арналған тұғырлар мен көптеген кәдесилар алып келіпті. Тұтынушылар оның бұйымдарын сол жерде-ақ сатып алып жатты.

– Халықтан тапсырыстар түсіп тұрады. Көбі түрлі тойларға қажетті тойбастар жиынтығын сұрайды. Сол сияқты бүгінде тұрғындардың төрінен жиі көрініп жүрген шежіре жиындығына да тапсырыс бар. Мен оны қайыңнан ойып, оған жеті атасын күйдіріп жазып, ортасына сағат орнатып берем, – дейді Кемел әңгіме арасында.

Көрме-жәрмеңкеде сондай-ақ, кигіз басып, алаша тоқуды кейінгі жастарға үйретіп жүрген мұғалім Балқия Тұрсынбекова кәсібінен нәсіп тауып қана қоймай, бүгінгі таңда сол бір кенже қалып келе жатқан, төзімділік пен шыдамдылықты талап ететін дүниені дамытуды алдына мақсат еткен. Осы жолда арнайы қол өнер үйірмесін ашып, қызығушылығы мен қабілеті бар балаларды даярлап келеді. Бүгінгі күнге дейін шәкірттерімен бірлесе отырып жасаған бұйымдарын талай жан тұтынып та жүр.

Қазақта «шыдамы жеткен шебер болар» деген аталы сөз бар. Гипстен бұйымдар құйып, оны әрлеп кәдесилар жасайтын шебер Ержан Әбіш осындай қызығы мен қиындығы қатар жүретін кәсіпті әбден меңгерген. Ол кәдесилар ғана жасап қоймайды, тапсырыс бойынша үйлерді де азиялық, еуропалық үлгіде әрлеп, жұтындырып береді екен. Оның бұл кәсібіне де сұраныс көп көрінеді.

Қазақтың қолөнерінің қай-қайсы болмасын өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту бүгінгі күннің басты міндеті. «Бүгінгі кәсібің – ертеңгі нәсібің», – деп бекер айтылмаған. Көрме-жәрмеңкеге келген кәсіп иелері де осы қолөнер туындыларының бүгінде үлкен сұранысқа ие болғанын айтып отыр. Және сол арқылы табыс тауып, отбасы бюджетін молайтуға жарататындарын да жасырмады.

Ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер шеберлерінің туындыларын, көне мұраларын тауып, оны түрлендіріп жаңғырту және ұлттық қолөнер арқылы эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құрамына айналдыру біздердің парызымыз. Рухани құндылықтарымызды жүректерінің төріне құндақтаған азаматтарымызға табысты еңбек тілейміз.

 

Ізтай Белгібайұлы. Суреттерді түсірген автор.
27.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 0
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 6
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 9
Күзде ашылған гүлзарлар
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 6
ТҮРКІСТАН: БАЗАРДАҒЫ КІТАПХАНАҒА 10 МЫҢДАЙ ОҚЫРМАН КЕЛГЕН
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.11.2024 179
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 747
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 782

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545