ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН
Талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша 2023-2024 жылдары 2 мыңнан аса Түркістан облысы тұрғындарының шамамен 650 млн теңгеге жуық қаржысын қаржылық пирамидалар заңсыз иемденген. Аталған іс бойынша 22 күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, жәбірленушілерге келтірілген залалдың 233 млн теңгесі қайтырылды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев брифингте мәлімдеді.
«Қаржылық пирамидалардың алдын-алу мақсатында департамент «Аймап» ақпараттық жүйесі арқылы қауіптілігі бар 10 мыңға жуық «Instagram» аккаунтын анықтады.
«Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қаржылық пирамида және заңсыз ойын бизнесінің күдік қаупі бар 180 аккаунт, сайт, «WhatsApp» топтар бұғатталды. Халық арасындағы кеңінен таралған қаржылық алаяқтық және экономикалық қылмыстар деңгейін төмендету мақсатында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен «АФМ INSIDER» телеграм чат-боты іске қосылған», - деді Ерболат Темірболатұлы.
Бұдан бөлек, қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен «Бизнесті қорғау» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында биыл «Атамекен» ҰКП алаңында 15-тен аса жеке қабылдау өткен.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
21.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «РЕСПУБЛИКА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 120-ДАН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.10.2024 95
Жамбыл облысының тұрғындары ең көп қолданатын мемлекеттік қызметтер аталды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облыстық филиалының PR-менеджері - 22.10.2024 109

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6668
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6099
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9305
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7090
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8300