ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАС БАҒЫТЫ ДЕГЕН НЕ?

ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАС БАҒЫТЫ ДЕГЕН НЕ?

Ұлттық мемлекеттің бас бағыты дегеніміз – бір елдің (мемлекеттің) жарқын болашағына жол нұсқайтын идеологиялық жетекші сара жолы! Ой-сана ұйытқысы. Бүкіл мемлекетті болашақтық бір нысанаға жұдырықтай жұмылдыра алатын дана компас! 

Әрқандай бір ұлттық мемлекетте ең алдымен осы түйін айқындалуы керек. Мемлекет билігі халықпен бір тұлғалана отырып, дұрыс бағытпен нұрлы болашағына бет алуы алғы шарт! Бір ниет, бір тілек, бір мақсатпен, алаулаған ұлттық рухпен тыңнан түрен салып жаңа сапарға аттану беталыстық бағдар. Біздің тәуелсіз Қазақстан еліміз үшін мемлекетіміздің бас бағыты: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІН ҚҰРУ! Жаңа Қазақстан құрамыз десек те, бас бағыт осы болуға тиіс. 

Қазақстан деген мемлекеттік атауымыз ертеден қалыптасқан. Ол тек қазаққа ғана тән мемлекет атауы. Бүкіл Отан, жер, су, аспан әлемі қазақтікі! Қазақ халқы оны ғасырлар бойы жанымен де, қанымен де қорғап келеді. Осы жолда сан миллиондаған адам шейіт болды. Халқымыз шапқыншы империялардың отаршылдық, бодандық, құлдық қасіретін тартты. Ата-бабаларымыздың қаны мен ащы терінің бодауына қорғалып келген ұлан-байтақ Отанымыздың жері мен суы, аспаны мен ауасы сол үшін тек қазақ халқына ғана тән. Бұған ешкімнің қарсы дау айтуы жөн емес! 

 

Қазақ жерін қорғау үшін қазақтан басқа ешбір ұлттың адамы қан терін төккен жоқ. Сондықтан, қазақтан басқа мейлі

 қай ұлттың адамы болса да, ол қазаққа кірме ұлт немесе этнос болып саналады. 

 

Олар қазақ жеріне  отарлау, қазақты құл қылу мақсатымен немесе жан сауғалау, жан бағу мақсатымен келгендер. Сондықтан, даласындай кең пейіл қазақ өздері отарлықта жүрсе де, азып-тозып жүрсе де оларды шетке қақпаған. Құшағын жайған. Оны білгендеріне алғыс айтуға болады. Ал, білмегендерін  «Досыңа адал бол, жауыңа қатал бол!» дейтін бабалар ақлиясын бойтұмар етіп тазалау керек. Олардың ішіндегі қазақты отарлау құлдану мақсаттарымен келгендерін және сондай пиғыл танытқандарын өз отандарына еріксіз қайтару керек! Қазақтың жері, суы, аспаны әрқилы кірме ұлттардың Отаны емес! Олардың бұл Отанды қорғауда қосқан ешқандай үлесі де жоқ. Сондықтан, Қазақстанда барлық билік, байлық, ұлттық мүдде тек қазаққа ғана тән болады. Барлық заң-саясат белгілемелер тек қазақтың ұлт мүддесін қорғауға ғана шешілуі тиіс. Кірме ұлттар халықтарының мүддесі осы бас бағытқа бойсұндырылуы керек. Оған әсте қайшы келмеу шарты астында жасалатын қосымша белгілемелерде қорғалса болады. Мысалы, Қазақстан ассамблеясы деген ұйым керек пе, жоқ па? Егер керек болса, осы принциптер негізінде оның ұйымдық ережесі жасалып, мақұлдануы керек. Бірінші, екінші, үшінші бастықтары қазақтілді, қазақ ұлтынан болуы керек. Өйткені, ол ассамблеяда қазақ ұлты үшін, қазақ мемлекеті үшін жұмыс істейді. Болмаса, керексіз! 

 

Зайырлы мемлекет деген не? Оны қазақ түсінбейді. Тіпті, сол сөз қазақ тілі ме? Қазақстанды зайырлы мемлекет деп кім белгілеген? Бүкіл бір ұлттық мемлекеттің сипатын белгілеуге бүкіл ұлт халқы талқылап мақұлдауы керек емес пе? Әсіресе, қазақтілді қазақтардың пікірі негізге алынады. Өйткені, адам қай тілде білім алса, сол ұлт халқына қызмет көрсетеді. Ой-өрісі сол ұлттың ұлттық санасы бойынша дамиды. Бұл – бұлжымас ақиқат, ғылыми тұжырым, аксиома! 

 

Ал, «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІН ҚҰРУ» деген бес сөзді бір ғана жалаң сөйлем Қазақстан еліміздің бас бағыты болса, «тәуелсіз» деген сөз ғасырлар бойы аңсаған арманымыз. Күллі қазақтың толық тәуелсіздігі анық бейнеленеді. Ал, «қазақ» деген сөзде ұлттың аты мен сол тәуелсіздік тек қазаққа ғана тән екені айқындалады. «Ұлттық» деген сөзді мемлекеттің ұлттық мемлекет, ол қазақ ұлтына ғана тән екендігі анықтауыштық жолмен түсінікті болып тұр. «Мемлекетін» деген сөз алдыңғы үш сөздің тиянақ тұғыры. Тәуелсіз қазақ ұлтына ғана тән мемлекет екенін толық орнықтыра алтын тұғырына қондырады. Ал, «құру» деген ең соңғы сөз соңғы тиянағы. Осындай бір «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІН» құрып шығуымыз керек деген толық ұғымды білдіретін нүктесін қояды. Бес сөзді бір ғана жалаң сөйлемнен құралған бұл ұлттық мемлекетіміздің бас бағытын біраз кеңейте айтар болсақ, тәуелсіздің өте кең мағыналы. Мемлекет тәуелсіздігі, ұлт тәуелсіздігі, жеке адамдар құқық-мүдде тәуелсіздігіне дейін қолдануға болатын аса мән-мағыналы жинақталған киелі сөз. Қазақстан Кеңес одағы ыдырағанда тәуелсіздігін алды. Өз алдына тәуелсіз ұлттық мемлекет болды. Міне, бұл оның жер, су, аспан әлемі, қазақ ұлтының өзін-өзі басқаруы, дамытуы, экологиясы, экономикасы, адам идеологиясы, сөз, баспасөз, тіл, дін, ұлттық қауіпсіздігі, заң, оқу-ағарту, мәдениет, сауда – бәр-бәрі де тәуелсіз болған нағыз ұлттық бостандыққа қолы жеткен ұлттық мемлекет екендігін білдіреді. Бұл тәуелсіздікке кімде-кім жеке тұлғалар атынан немесе ішкі-сыртқы саясаттарда мемлекет атынан араласуға, қол сұғуға жол жоқ дегендік болады. Бес сөздің екінші сөзі –  «қазақ» деген сөз. Бұл – ұлттың тұрақты, қасиетті, меншікті ұлттық атауы. Оның ұлттық тарихы, даму жолдары, тәуелсіз тұстары отарланған, ұлттық ар-намысы тапталған, қорланған тұстары, солай да, басынан кешкен қат-қабат қиындықтары, ұлт-азаттық күрестері мен ұлтын сақтап қалып жеткен жеңістері, әр дәуір, әр замандағы ұлттың бетке ұстар ардагерлері, көсемдері, шешендері, ұлт қайраткерлері, ұлттың тегін, болмыс бітімін сақтап келгені сынды қазақ ұлтымыздың ұлылығы мен қасиет, киелілігі қатарлы кең мазмұнды сөз болып табылады. Ал, үшінші сөзде, «ұлттық» деген сөзді қолданғанымызда мемлекеттің ұлттық мемлекет екендік сипаты ашылады. Сондай-ақ, өз ұлтымызды дұрыс тануымызға қажетті сөз. Ұлттық нақышы мәселен, ұлт тарихы, тілі, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниедегі әрқандай ұлттардан өзгеше ұлттық құндылықтары қамтылған. Бес сөздің төртіншісі, «мемлекетін» деген сөз – қазақтың мемлекет тарихын, жер аумағын, қорғаныс көлемін, мемлекеттің бас бағдары, ішкі-сыртқы бас саясаты, мемлекеттің ұлттық, діндік құрамы, халықаралық орны т.б. жақтардың бәрін қамтыған тұғырлы бес сөздің табан тиер тұғыры. Мемлекетті қазаққа меншіктеп тұрған сөз. «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІН ҚҰРУ» дегендегі құру деген соңғы сөз осы бес сөздің тиянағы. Бұл осындай бір тәуелсіз қазақ ұлттық мемлекетін құрып шығудың аса маңызды да машақатты, даңқты міндет екенін көрсетеді. Бас бағыт осыған табан тіреп, тағанын бекітеді. Қорыта келгенде, мемлекеттің бас бағыты болады деген бұл бес сөздің әрбірінен толық шешімдеп сүйекті шығармалар жазуға, том-том кітаптар жазуға да болады. Сол арқылы мемлекеттің бас бағытын бүкіл ұлтымызға, әулеттен әулетке аныстырып, табыстап отыруға болады. Ұлтымыз ұрпақтарын тәрбиелеп, ұлттық тәрбиемен сусындатып, отаншылдық танымды айқындап отыруға болады. 

Мемлекеттің бас бағыты осылай тұрақтанғаннан кейінгі барлық саясаттар заң-түзім белгілемелер осы бас бағыттың нұсқаушылығында мұқият тексеріліп қайта жасалады. Бас бағытқа, бас бағыттың рухына қайшы келмеу шартымен ақаусыздандырылады. Мысалы, тіл туралы заңның бірінші бабында «қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деп белгіленген. Сосын, екінші бапқа «орыс тілі қолданыста болады» деп жазылған. Іс жүзінде бұлай жазу – үлкен ағаттық. Екінші бап бірінші бапқа қайшы. Өйткені, ол кезде мемлекеттің тәуелсіздігі шешілмеген, бас бағыты да белгіленбегендіктен, бұл заң сол кездің іс жүзіндік жағдайына қарай бекітілген. Оның зардабы: екінші бап арқылы орыс тілі мемлекет тілінен үстем орынға шығып алып, заңдағы бірінші бапты керексіз еткендіктен. Күні бүгінге дейін қазақ тілінде отарлық сақталды. Кірме, келімсек ұлттың тілі үстемдік алып, мемлекеттік тіл ролін атқарып келді. Қазақ ұлты үшін бұдан артық қасірет бола ма?! Бұл ұлттың ар-намысын таптау, ұлтты қорлау болады. 

Сайып келгенде, қазақтан басқа кірме ұлттардың мүддесін қорғау ата заңға кірмеуі, басқа саладағы негізгі заң-түзім белгілемелеріне де кірмеуі керек. Ал, олардың құқық-мүдделері мемлекеттің бас бағытына, ата заңға қайшы келмеуі, бас бағыт негізінде жасалған барлық заң-түзім белгілемелерде жазылса, соны дұрыс атқарса да болады. Бұл барлық келімсек ұлт адамдарының Қазақстанда жалғасты тұра беруіне, тұрмыс-тіршілігімен шұғылдана беруіне болады деген мемлекеттің оларға қаратқан тиімді саясаттары болып табылады. Егер олар өздерінің ұлттық құқық-мүддесін толық қорғаймын десе, өздерінің ата жұртына, тарихи отанына көшуіне халықаралық заңдар мен біріккен ұлттар ұйымының адам құқығы заңдары жол берген негізде адамдық құқық-мүдделерін қорғауларына болады. Көшуіне жол қойылады. 

Мен мемлекетіміздің осы бас бағытын Жұмекен Нәжімеденов пен Шәмші Қалдаяқовтың мемлекетімізге жазып қалдырған «Менің Қазақстаным» деген ән ұранының рухынан шабыт алып жаздым. Оны еліміздің бүкіл баспасөз саласы, барлық қазақ азаматтары, азаматшаларының ашық талқысына тастап отырмын. Бұған басқа ұлт азаматтарының, шетелдіктердің, сондай-ақ, басқа ұлт тілінде оқыған, қазақ тілін білмейтін қазақ азаматтарының да «Бүйректен сирақ шығарып» халықты алжастыруына, «Суды лайлап, балық ұстауына» жол бермеу керек. Барлығымыз қырағы болайық. Біз, сөз жоқ, «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІН» аршынды түрде құра аламыз!!!

Дәулетбек ҚАҢБАҚ
16.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 206
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 147
ТӨЛЕБИДЕ ЭКОТУРИЗМ ДАМИДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 79
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 157
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 76

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14419
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13210
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16489
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15375
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20431