Вице-премьер тұрғындардың табысын арттыруда Жамбыл облысындағы жобаның маңыздылығын атап өтті

Вице-премьер тұрғындардың табысын арттыруда Жамбыл облысындағы жобаның маңыздылығын атап өтті

Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жөніндегі жобаның бірінші кезеңінде қосымша 2 282 жеке кәсіпкерлік субъектілері ашылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

Басқосуда облыс әкімі Нұржан Нұржігітов баяндама жасап, жобаның алғашқы кезеңі бойынша қол жеткен нәтижелерге жан-жақты тоқталды.

Аймақ басшысының айтуынша, жобаның бірінші кезеңінде облыстың 11 ауылдық округіндегі (25 елді мекен) 7 856 отбасы қамтылған. Бұл мақсатта жалпы 9,2 миллиард теңге игерілді.

- Қатысушы аулалар үй іргесіндегі жерді тиімді игеруде. Мал шаруашылығын дамыту бағытында несиелендірілген 2 454 азаматтар 45 032 мал басын сатып алды. Ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану бағытында құрылған 11 ауыл шаруашылығы кооперативтері 10 113 га жерді  228 шаруа қожалықтарымен бірлесе игерді. Ол кооперативтерге 190 дана ауыл шаруашылығы техникалары лизинг жүйесімен берілді. Ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашу бағытында 11 жоба (кәсіп) іске асырылуда,-деді Нұржан Нұржігітов.

Сонымен қатар, қосымша 2 282 жеке кәсіпкерлік субъектілері ашылып, 589 жаңа жұмыс орындары құрылған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1 058 отбасыға немесе 65 пайызға кеміген. Қатысушылардың орташа айлық табысы 42 мың теңгеден 73 мың теңгеге немесе 65 пайызға артты.

Бұдан бөлек жобаның жалғасы ретінде 2021 жылы қайтарылған несие қаражаты есебінен (3,1 млрд. теңге несие кері қайтарылды) Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарынан 3 ауылдық округ пилоттық жобаға еніп, 253 жоба іске асырылды.

Аймақ басшысы кездесіп отырған бірқатар мәселелерді де тілге тиек етті.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының тұрғындардың табысын арттыру, ауылдықтардың тұрмысын жақсартуға қатысты тапсырмасын жүзеге асыруда бұл жобаның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі көтерген мәселелердің шешу жолдарын тиісті министрлік өкілдерімен бірге талқылады.

Алтай Көлгінов жобаның тәжірибесін еліміздің басқа облыстарына тарату бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, бұл істе жүйелілік қажет екенін баса айтты.

Вице-премьер жобаның жемісті жүзеге асу үдерісімен танысу үшін жақын арада облысқа іссапармен келетінін жеткізді.

Айта кетейік, ағымдағы жылы облыстың тағы 10 ауылдық округінде жоба аясындағы жұмыстар басталуда десек, 2023 жылы 22 ауылдық округті қамту жоспарлануда. Жалпы, 2025 жылға дейін облыстағы барлық ауылдық округ жобаға енеді деп көзделуде.

Жамбыл облысы әкімдігі
20.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9165
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11791
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9559
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10771