Жайлы мектеп – білімге жаңа қадам

Жайлы мектеп – білімге жаңа қадам

Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі ғана емес, сондай-ақ білім саласында әрдайым алдыңғы қатарда келе жатқан қала. Мұнда ондаған үздік мектептер, инновациялық білім беру орталықтары, дарынды балаларға арналған лицейлер бар. Соңғы жылдары Алматы қаласының білім беру жүйесінде «жайлы мектеп» ұғымы кеңінен насихатталып, мектепті тек оқу орны емес, оқушыға барынша тиімді, қауіпсіз, жылы орта ретінде қалыптастыруға бағытталған үлкен өзгерістер жүріп жатыр.

Қазақстан Үкіметі 2022 жылдың қарашасында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын қабылдады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде қолға алынған. 

«…Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек», – делінген Жолдауда. 

Ұлттық жоба еліміздегі оқушы орындары тапшылығын шешуге, апатты және үш ауысыммен оқытатын мектептер мәселесін жоюға бағытталған.

Жобаның мақсаты – қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан елді мекендердегі мектеп тапшылығын жою, үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерден арылу.

«Жайлы мектеп» – оқушылардың физикалық және психологиялық қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген, заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған, оқу процесі оқушының қызығушылығы мен қабілетін дамытуға бағытталған білім беру моделі. Алматы қаласында «Жайлы мектеп» концепциясы бірнеше бағытта жүзеге асуда. 

Қауіпсіз және қолайлы инфрақұрылым. Мектеп ғимараттары жөнделіп, жаңа оқу кабинеттері жабдықталуда. LED жарық, желдету жүйелері, ауызсу бұрыштары, спорт және акт залдары жаңартылып жатыр. Мектеп аумақтарында бейнебақылау, турникеттер, күзет жүйелері орнатылған.

Оқушының денсаулығын қорғау. Медицина пункттері толық жабдықталған. Спортпен тұрақты айналысуға жағдай жасалған: футбол алаңы, жүгіру жолы, бейнефитнес бөлмелері. Асханаларда оқушыларға арналған пайдалы мәзір енгізілуде.

Инклюзивті орта. Алматы мектептерінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнайы кабинеттер, дефектолог, логопед, психолог қызметтері қолжетімді.

Жаңартылған оқу процесі. STEM зертханалары, робототехника кабинеттері, Smart-class форматындағы сыныптар, электронды журнал, цифрлық платформа арқылы оқу.

Алматы қаласындағы жайлы мектептің артықшылықтарына тоқталсақ, Алматы мектептері бірнеше бағыт бойынша республикада алдыңғы орында тұр. Ол – заманауи кабинеттер мен техника. Көптеген мектептерде химия-биология лабораториялары, физика кабинеттері, интерактивті панельдер, VR/AR технологиялары енгізілген. Бұл оқыту сапасын арттырып, тәжірибелік сабақтарды қызықты етеді.

Мұғалімдердің біліктілігі. Алматыда республиканың ең үздік педагогтері жұмыс істейді. Мұғалімдер халықаралық тренингтерге қатысып, Finland Education, Singapore Education секілді озық жүйелердің тәжірибесін меңгеруде.

Қосымша білімнің кең таңдауы. Әр мектепте музыка, спорт, ІТ, журналистика, дебат, қолөнер, шахмат үйірмелері жұмыс істейді. Бұл оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

Қалалық білім беру экожүйесі. Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектептері, Республикалық физика-математика мектебі, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және басқа ЖОО-мен серіктестік бар. Оқушылар ғылыми жобаларға, олимпиадаларға, стартаптарға қатыса алады.

Оқушыға жайлы психологиялық орта қалыптастыру. Физикалық жағдай ғана емес, оқушының өзін қауіпсіз әрі еркін сезінуі де – жайлы мектептің басты шарты. Психолог жұмысының күшеюі. Алматы мектептерінде психолог кабинеттері қайта жаңартылып, мамандар саны артты. Адаптация кезеңіндегі қолдау, эмоциялық күйді қадағалау, буллингтің алдын алу бағдарламалары жүргізіледі. Мектептерде «Қауіпсіз мектеп», «Достық кеңесі» жобалары бар. Бұл оқушылардың бір-бірін сыйлау мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.

Қаладағы көптеген білім ордаларында мектеп парламенті, өзін-өзі басқару кабинеттері, еріктілер ұйымдары жұмыс істейді. Оқушы өзін маңызды сезініп, көшбасшылық қабілетін дамытады.

Алматы қаласында оқушы саны жыл сайын өсіп келеді. Осыған байланысты әкімдік бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруда: 2023-2026 жылдары аралығында 25-тен аса жаңа мектеп салынды. Жаңа мектептердің ерекшелігі – 1000-3000 оқушыға арналған үлкен корпустар, кең спорт кешендері, конференц-залдар, кітапхананың жаңа форматы – «коворкинг-кітапхана». Бұл Алматы мектептерін халықаралық деңгейге жақындатады.

Алматы қаласының жайлы мектебі – тек бүгінгі емес, болашаққа арналған білім жобасы. Оның негізгі мақсаттары – оқушыны ХХІ ғасырдың дағдыларымен (креативтілік, сыни ойлау, коммуникация, цифрлық сауаттылық) қамтамасыз ету, оқыту процесін жекелеген оқу траекториясы бойынша жүргізу. Мектепті инновациялар мен зерттеулер орталығына айналдыру, оқушының денсаулығы мен қауіпсіздігін бірінші орынға қою.

Алматыда оқушы орнының тапшылығын азайтып, білім беру мекемелерін жаңғыртуға бағытталған «Келешек мектептері» мен «1300 мектепті оңалту» ұлттық жобасы жүйелі түрде іске асып жатыр. Биыл 1 қыркүйекте қалада 12 жаңа мектеп ашылды. «Келешек мектептері» жобасы аясында 34,8 мың оқушыға арналған 21 мектеп салынуда. Оның ішінде 13 мектеп «Samruk-Kazyna Construction» компаниясының қатысуымен қолға алынған. Былтыр бір мектеп пайдалануға берілсе, жаңа оқу жылының алғашқы күні тағы 7 мектеп есігін ашты. Қосымша 8 мектеп жеке инвесторлардың қатысуымен «сатып алу» механизмі арқылы салынды. Соның ішінде екі мектеп биыл қыркүйекте іске қосылды. Тағы екі мектеп 2025 жылдың желтоқсанында, қалған төртеуі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтамақ.

«1300 мектепті оңалту» жобасы аясында 2025-2027 жылдарға арналған Алматыдағы 31 білім беру мекемесінің тізімі жасақталды. 2025 жылы 15 мектепте, 2026 жылы – 9, 2027 жылы – 7 мектепте осындай жұмыс жоспарланған. Алты нысанда құрылыс пен қайта жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен «Зерделі» шағынауданында 550 орындық мектеп салына бастады. Наурызбай ауданында 1200 орындық жаңа мектеп сатып алу жоспарланған, ол 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа берілмек. Қалада қосымша 3 мыңнан астам оқушы орны құрылатын 13 мектеп пен 8 қосымша ғимаратты сейсмикалық күшейту және қайта құру жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Кейбір нысандар толық жаңарып үлгерді. Оқу жылы басталғанға дейін тағы 4 мектеп пайдалануға беріліп, қосымша 8 мектеп аяқталды. Қалған 8 нысанның жұмысы 2026 жылы жалғасады.

Алматыда оқушы орнының тапшылығын азайтып, білім беру мекемелерін жаңғыртуға бағытталған «Келешек мектептері» мен «1300 мектепті оңалту» ұлттық жобасы жүйелі түрде іске асып жатыр. 2026 жылы – 9, 2027 жылы – 7 мектепте осындай жұмыс жоспарланған. Алты нысанда құрылыс пен қайта жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен «Зерделі» шағынауданында 550 орындық мектеп салына бастады. Наурызбай ауданында 1200 орындық жаңа мектеп сатып алу жоспарланған, ол 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа берілмек. Қалада қосымша 3 мыңнан астам оқушы орны құрылатын 13 мектеп пен 8 қосымша ғимаратты сейсмикалық күшейту және қайта құру жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Кейбір нысандар толық жаңарып үлгерді. Оқу жылы басталғанға дейін тағы 4 мектеп пайдалануға беріліп, жыл соңына дейін қосымша 8 мектеп аяқталады. Қалған 8 нысанның жұмысы 2026 жылы жалғасады.

Алматы сапалы да қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырып жатыр. Жаңа мектептердің ашылуы мен қолданыстағы мекемелердің жаңғыртылуы қаладағы мыңдаған оқушыға қолайлы жағдай жасамақ.

Ресми дерек бойынша, тәуелсіздік жылдарында еліміздегі мектептер саны 1,4 мың бірлікке қысқарған. Егемендіктің алғашқы жылдары Қазақстанда 9 мыңдай мектеп болса, қазір олардың саны 7,4 мыңды құрайды. Мектептердің азаюына болашағы жоқ мекендердегі шағын жинақты мектептерде білім алушылар санының қысқаруы және олардың жабылуы себеп.

Ұлттық жоба құрылысының операторы ретінде – Samruk-Kazyna Construction компаниясы анықталған. Ол құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзім мен талаптарға сәйкес салынып жатқанын бақылайды, мердігерлерді таңдаудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді, нысанның сапасы мен уақытылы қолданысқа берілуіне жауапты. Компания сайтында жарияланған ақпарат бойынша, компания құрылыстың егжей-тегжей жоспарын дайындап қойған. Мектептер негізінен қазіргі кезде мектепке тапшылық бар аймақтарда салынады.

Жаңа мектептер бірыңғай сәулеттік және білім беру стандарты бойынша салынуда. Яғни, заман талабына сай, жылы әрі жайлы, қауіпсіздік шарасы да қатаң. Ғимараттарда бейнебақылау, дабыл жүйесі, қауіп болған жағдайда автоматты түрде есіктерді жабатын технологиялар қойылады деп уәде беріліп отыр. Ішінен қарап шықсаңыз – STEM-зертхана, робототехника, физика-биология кабинеттері, интеллектум, компьютер сыныптары, медиатека, коворкинг, шеберхана, акт залы, спорт және ойын алаңдары. Әлемнің ең озық мектептерінде кездесетін құрал-жабдықтардың бәрі бар.

Жобада балалар жас ерекшелігіне қарай бастауыш, негізгі және орта блоктарға бөлінеді. Әр блокта – өз асханасы, спорт залы. Алматыдағы мектеп тапшылығы – кез келген ата-ана үшін өзекті мәселе. Мектептерде орын жетпесе, баланың біліміне де, болашағына да тікелей әсер ететіні жасырын емес. Жаңа мектептер баланың дамуына, сапалы білім алуына, заман талабына сай білім ортасына жол ашады. Бұл – бүкіл қоғам үшін аса маңызды.

Қазір әкімдік те, мердігер компания да барлық қауіпсіздік, инклюзивтілік, сапа талаптарын орындаймыз деп сөз беріп отыр. Тек сол сөз іс жүзінде де көрініс тапса болғаны. Мектеп 2026 жылы қаңтарда ашылады деп жоспарлануда.

«Жайлы мектептің» айырмашылығы – біріншіден, мектептер ауылда да, қалада да жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спорт залдар болады. Балалар үшін бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік шараларын орнату көзделіп отыр. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдарын сақтауға, ауыстырып киетін киімге арналған жеке шкафтар, сондай-ақ кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына тиісті жағдайлар қарастырылған.

Мектептер физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттермен жабдықталады. Кабинеттерге touch-экрандар орнатылып, мектептің кез келген жерінен жылдамдығы жоғары интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға тиісті жағдайлар жасалады.

Спорт залдар мәселесі шешіледі. Қазір 1200 орындық мектептерде тек бір ғана спорт зал бар. Ал таңғы сағат 8-ден кешке дейін денешынықтыру сабағы бір уақытта бірнеше сыныпқа өткізіледі. «Жайлы мектептерде» жобалық қуатына қарай бірнеше спорт зал болады. Сондай-ақ мұғалімдерге де жағдайлар жасалады.

Екіншіден, құрылыс толығымен қаржыландырылған. Егер бұрын мектеп құрылысын қаржыландыруға облыстық және аудандық бюджеттерден қаражат тапшылығына байланысты мектептер жеткілікті көлемде салынбай, ұзақ мерзімді құрылыстар проблемасы туындаса, ал қазір мақсатты қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді.

Үшіншіден, мектептер нысандар құрылысын бақылайтын дирекцияның үйлестіруі арқылы салынады. Бұл шешім сатып алу рәсімдерінің мерзімін жеделдетуге және құрылыс сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Төртіншіден, ішкі ғана емес, сыртқы инфрақұрылым да қарастырылған. Мектепке апаратын жаяу жүргіншілер жолы, автобус бағыттарын алдын ала іске қосу, аялдамаларды дайындау, мектепке апаратын жолдарға жарық беру мәселелері де қатар шешілуі керек.

Бесіншіден, жайлы мектептер салуда ашықтық барынша сақталуға тиіс. Еліміздің кез келген азаматы интерактивті карта арқылы мектептердің қай жерде және қашан салынатынын бақылап, IP-камера арқылы құрылыс барысын онлайн қадағалай алады. Мектептерді салу, оларды қаржыландыру, күтіп ұстау, кадрларды іріктеу мәселелері заңнамалық тұрғыда әкімдіктердің құзырында болғандықтан, бұл ұлттық жоба әкімдердің дербес жауапкершілігін бекітуді көздейді, яғни «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру 842 мың жаңа жайлы орын құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге өңірлер, қала мен ауыл арасындағы білім беру инфрақұрылымындағы айырмашылықты теңестіріп, білім сапасына әсер етеді.

«Жайлы мектеп» – баланың мектепке қуана келетін, өзін қауіпсіз әрі еркін сезінетін, білім алуына толық жағдай жасалған орта. «Жайлы мектеп» – оқушының тұлғалық дамуын басты назарда ұстайтын заманауи білім беру моделі. Инфрақұрылымдық өзгерістер, озық технологиялар, мұғалімдердің кәсібилігі, психологиялық қолдау және қосымша білімнің кең таңдауы – барлығы оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

«Жайлы мектеп» – бұл тек әдемі ғимарат емес, ең алдымен оқушыға арналған қауіпсіз, жылы, қолдау көрсететін орта. Алматы осы бағытта республикаға үлгі болып отыр.

 

Г.ТҰРСЫНҚОЖА,

Алматы қаласы

04.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 468
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 469

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20786
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20568
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35689
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34226
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38100