ЗЕЙНЕТАҚЫНЫҢ ЕРТЕРЕК АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫҢ ЕРТЕРЕК АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?
 
Жедел зейнетақы аннуитеті бағдарламасын пайдалана отырып, қазақстандық әйелдер 52,5 жаста, ал ерлер 55 жаста аннуитеттік төлемдерді ала бастайды. Алайда, соңғы 5 жыл ішінде жұмыс беруші міндетті кәсіптік зейнетақы аударымдарын төлесе, онда ер де, әйел де 50 жаста зейнетақы аннуитетін ресімдей алады.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында «МАК» ӨСК» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ләззат Боромбаева айтты. Ол биылғы сәуір айында зейнетақы аннуитетін ресімдеу үшін жеткіліктілік сомасы өзгергенін де жеткізді. Мәселен, шарт жасасу үшін ер адамдарда зейнетақы шотында 7,4 млн. теңге, ал әйелдерде 9,9 млн. теңге болуы қажет.
©️©️©️
«50 жасында міндетті кәсіптік зейнетақы аударымдары бар ер адамдарға жеткіліктілік сомасы 8,3 млн. теңгені, ал әйелдерге 10,3 млн. теңгені қалдырады. Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті кезінде шарт жасасу жасы ерлер мен әйелдер үшін 45 жастан басталады. Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жинақтардың ең аз сомасы ерлер үшін 6,7 млн. теңгені, ал әйелдер үшін 8,4 млн. теңгені құрайды. Егер жұмыс беруші соңғы бес жыл ішінде қызметкерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы аударымдарын төлесе, онда ерлер мен әйелдер үшін кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін ресімдеу жеткіліктіліктің ең аз сомасы болған кезде 40 жаста қолжетімді болады, атап айтқанда ерлер үшін 7,6 млн. теңге, ал әйелдер үшін 9,4 млн. теңге», - деп түсіндірді спикер.
❇️Дереу және кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеттері кезінде зейнетақы жинақтары сомасы жеткіліктілік сомасынан артық болса, онда төлем мөлшері де жоғары болады.
©️©️©️
«Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу оңай, тек біздің филиалға жүгіну қажет және өзіңізбен бірге тек үш құжат: жеке куәлік, БЖЗҚ-дан үзінді көшірме, сондай-ақ шотпен банктен үзінді көшірменің түпнұсқасы болу қажет», - деді филиал басшысы.
🔴Зейнетақы аннуитеті рәсімделген кезде заңмен белгіленген зейнетақы жасын күтпей-ақ зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туады.
 
Өңірлік коммуникациялар қызметі
01.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 40
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 155
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 192
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 188
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 155
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 519
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 472

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779