12 отбасы баспаналы болды

12 отбасы   баспаналы болды

Атырау облысы Мақат ауданының Доссор кентінде әлеуметтік осал санатқа жататын 12 отбасы жаңа тұрғын үйдің кілтін алды. Қоныс тойы тұрғындарды баспанамен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр.

Салтанатты рәсімге қатысқан аудан әкімі Азамат Мәмбетов жаңа қоныс иелерін құттықтап, халықты қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Баспана – әр отбасының бақыты мен берекесінің бастауы. Бүгін жаңа қонысқа ие болған барлық отбасын шын жүректен құттықтаймын. Жаңа шаңырақтарыңызға құт-береке, бақ-дәулет тілеймін. Әр үйден қуаныштың үні естіліп, ынтымақ пен береке орнасын. Ауданда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады, – деді аудан әкімі.

Жаңа тұрғын үйлер заманауи талаптарға сай салынып, қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес табысталды.

А. ХАМИТТЕГІ,

Атырау облысы

 

02.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26188
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25637
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43024
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38837
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43430