Бұл жолғы Жолдау жаңа тарихи кезеңдегі өзектілігімен құнды

Бұл жолғы Жолдау жаңа тарихи кезеңдегі өзектілігімен құнды

28 қазан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.

Бұл жолғы Жолдау «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деп аталды. 

Қазақстанда қалаларды қауіпсіз, жайлы әрі заманауи етіп дамытуға басымдық берілетіні Жолдауда айтылды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдіктерге қала инфрақұрылымын тиімді басқару және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру жөнінде міндеттер жүктеді. «Біз ауыл-аймақтарды дамыту мәселесін әрдайым ерекше бақылауда ұстаймыз. Ауылдағы тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барынша жағдай жасап отырмыз. Алайда, қазір экономика, білім мен технологияның тірегі де, таланттарды шыңдайтын да негізгі қалалар екенін атап өткен жөн. Сайып келгенде, қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан әрбір ірі қаланың Үкімет бекіткен нақты орта және ұзақ мерзімдегі даму жоспары болуға тиіс!» – деп атап өтті Президент.

Бұл жолғы Жолдау бұрынғы Жолдаулардың заңды жалғасы іспетті көрінді. «Халықтық құрылыс» бағдарламасы жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтитын болады. «Халықтық құрылыс» аясында елді мекендерге газ бен таза ауызсу тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазақстанда тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Халықтық құрылыс» атты ауқымды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жобаның барлық өңірді қамтып, елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға және халықты жұмыспен қамтуға ықпал етуі керегін қадап айтты.  Көптің аузында жүрген Ұлттық қордың қаржысы туралы да жақсы ой айтылды.

Ұлттық қордың қаражатын тек қоғамға барынша пайдалы дүниеге ғана жарату керектігін де айтты Президент. Мемлекет басшысы атап өткендей, Ұлттық қордың ең басты мақсаты, миссиясы – ел байлығын ұқыпты ұстау және одан әрі арттыру, сондай-ақ, оны қазіргі және келешек ұрпақтың игілігіне жарату. Ұлттық қор көп жылдар бойы осы негізгі міндетті лайықты орындап келеді, яғни қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосуда.

«Жас ұрпақтың игілігін ойласақ, бұл бағытта қазірден бастап нақты әрі батыл қадамдар жасауымыз керек. Өзекті мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Әр мәселе өз шешімін табуға тиіс. Басты талап – осы. Кейінгі буынға өркениетті, озық, жаңарған мемлекетті аманат етуіміз керек. Бұл – біздің міндетіміз және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз», – деді Тоқаев.

Жолдау жайлы сараптама мақаланы газеттің келесі санынан оқи аласыздар!

 

29.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 51
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 265

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28981
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28533
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45811
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41451
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46123