12 жасар баланың қызуы жарты жылдан бері түспей келеді

12 жасар баланың қызуы жарты жылдан бері түспей келеді
 

Мақсат сырт көзге өзгелерден ерекшеленбейтін қатардағы бала секілді көрінеді. Алайда соңғы жарты жылдан бері оның дене қызуы түспей келе жатыр. Баланың қызуы кейде 42 градусқа дейін жетеді. Бір таңқаларлығы, өте жоғары температураға қарамастан, Мақсат өзін жақсы сезінеді, тәбеті жаман емес, ұйқысы да тыныш. Бұл туралы turkystan.kz «Мой город» порталына сілтеме жасай отырып хабарлады.

12 жастағы Мақсат Мырзалыұлы қатарластары сияқты футбол ойнап, сурет салғанды, гаджеттермен ойнағанды ұнатады, өзі таэквондодан Азия чемпионы. Мақсаттың анасы Анар Сағынғалиеваның айтуынша, барлығы былтыр қазан айында басталған. Бала ЖРВИ-мен ауырып, тамағы ісіп кеткен. Дәрігерлер ем ретінде антибиотик жазып берген.

«Температурасы 38-39 градус көлемінде болды, ем көмектеспеді, тамағы қып-қызыл болды. Лор дәрігерге жүгіндік, ол антибиотик ішуді жалғастыруға кеңес берді, бірақ ыстығы сол күйі түспеді. Мақсатты балалар ауруханасына жатқызды, дәрігерлер ешқандай ақау таппады. Кейін олар баламнан биопсия аламыз деді. Бірақ мен келіспедім», – дейді баланың анасы.

Бір аптадан кейін Мақсат ауруханадан шыққан, бірақ ыстығы түспеген және үнемі 41 градустан асқан. Ал аяғында көгергенге ұқсайтын бөртпелер пайда болған. Анасының сөзінше, бала қашықтықтан оқуға ауысқан. Ата-анасы баланы жеке емхана дәрігеріне көрсеткен. Олар баланың жағдайын көріп, қайта ауруханаға жатқызу керек екенін айтыпты.

Бұл жолы ата-анасы биопсия жасауға рұқсат беріп, мамандар қажетті анализдердің бәрін алған. Қуанышқа орай, Мақсаттың ағзасынан обыр жасушалары табылмаған.

Анар Сағынғалиева дәрігерлерге ешқандай шағымы жоқ екенін, олар қолдан келгенше көмектесіп жатқанын айтты. Ал 12 жастағы Мақсат әлі күнге дейін қашықтықтан оқиды, далаға сирек шығады. Анасы баланың ағзасында қандай да бір бұзылыс бар деп алаңдайды. Бірақ оны әзірге бірде-бір дәрігер анықтай алмай отыр.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 24 наурыз күні астаналық ғылыми орталықпен телемедицина кеңесі өткенін хабарлады. Онда балаға бірқатар анализдер, биопсия тағайындалды. Тексеріс облыстық балалар ауруханасында жүргізіліп, артынша Мақсатты емханаға жатқызу жоспарланып отыр.

turkystan.kz «Мой город» порталы
31.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 77
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 82
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 322
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 547
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 493

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9198
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8595
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11822
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9591
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10805