2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі  ұлттық жобасы

21 шілде күні «Таир» СОО-да Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен жастарға арналған түрлі бағыттар бойынша кең ауқымды консультативтік-көшпелі мүмкіндіктер жәрмеңкесі өтті.

Консультативтік-көшпелі мүмкіндіктер жәрмеңкесіне «Kama TyresKZ» ЖШС, ««Qaztehna» ЖШС, «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК, «Қарағанды су қоймалары» КМК, «Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ Қарағанды филиалы, «МӘСҚ» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Отбасы банк» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Құрылысмет» ЖШС, «Karaganda Consulting Group» ЖШС, «Қарағанды-нан корпорациясы» ЖШС, «Beeline» компаниясы сияқты 70 жұмыс беруші ұйым, 25 мемлекеттік орган, ҮЕҰ және құқық қорғау органдарының өкілдері, «Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ-нің Қарағанды қаласының мансаптық орталығы, жастарға микрокредит беру мәселелері бойынша «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері «Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия», «Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия», «Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның қылмыстық жазалар мен қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия» өкілдері қатысты.

Қала тұрғындары шағын несиелеу бағдарламалары, грант алу, жұмыспен қамту, мәдениет спорт, денсаулық сақтау, білім беру бағдарламалары бойынша кеңес ала алды және балалардың құқықтарын қорғау бойынша заңгерлердің кеңестерін алды.

Жалпы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында жыл басынан бастап 1290 жұмыс орны құрылды, онда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының бағыттары бойынша 795 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында ағымдағы жылға 40 қайтарымсыз мемлекеттік грант (400 АЕК-ке дейін – 1 380 000 теңге) беру көзделген, 30 грант берілді. Грант алғандардың ішінен 16 адам жастар, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар – 2 адам.

Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында ағымдағы жылдың басынан бері 13 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Бос орындар жәрмеңкесін өткізу кезеңінде барлығы 500-ден астам кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Келушілерге 3 786-дан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 5 586-дан астам азамат, оның ішінде 2 051 жастар сондай-ақ, NEET санатындағы жастар қатысты, 861-ден астам адам жұмысқа орналасуға жолдама алды.

Сонымен қатар іс-шарада қала жастарына «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар», «Кәсіптік оқыту» бағдарламалары бойынша кеңес берілді.

Сондай-ақ, жазғы маусымда Қарағанды қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары қалалық штабының бағдарламалары жүзеге асырылуда, онда 14 жастан 16 жасқа дейінгі және 16 жастан асқан жастар жұмысқа орналастырылды, 1000 адам жұмыспен қамтылды.

Қарағанды қаласының жас кәсіпкерлерін қолдау мақсатында 2022 жылы қала әкімі 10 ісін жаңа бастаған кәсіпкерге 1 500 000 теңгеден гранттар табыс етті.

Биыл бұл жоба жалғасын табады.

Жастардың бос уақытына қатысты Қарағанды қаласында спорттық іс-шаралар өткізілетін 39 балалар мен жасөспірімдер клубы жұмыс істейді. Сонымен қатар спортты насихаттау мақсатында 150 аула алаңында «Спорт әр аулаға» жобасы және «Қарағанды қаласында шахматты дамытудың 2023 жылға арналған бағдарламасын іске асыру» бойынша жобасы жүзеге асырылуда.

Балалардың бос уақытын ұйымдастыру, балалардың белсенді демалысын және олардың шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында «Шахтер» стадионы жазғы демалыс кезеңінде «Локомотив» спорт кешенінің базасында 140 балаларға арналған күндізгі жазғы лагерь жұмысы қайта жандандырылды.

Қаламызда екінші жыл «Барлығына арналған өнер» жобасы іске асырылуда, жобаның басты артықшылығы-мектеп оқушылары мен колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне, театрлар мен мұражайларға, концерттерге, көрме залдарына, «Сарыжайлау» кинотеатрына тегін баруға мүмкіндік жасалды. Бүгінгі таңда мәдениет орындарына келушілер саны 13 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді құрайды.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан санаттағы жастарды әлеуметтендіру үшін 200 адамды қамтитын туған еліміздің мәдениеті мен этнографиясын зерделеу бойынша «Eriktilermen saiahat» көшпелі экскурсиялар жобасы іске асырылуда.

Қарағанды қаласы үшін ең танымал және сүйікті орын Майқұдықтағы орталық саябақ және жаңадан ашылған саябақ болып қала береді, онда әр демалыс сайын қала тұрғындары мен қонақтары үшін қарағандылықтар үшін мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.

Қарағанды қаласын дамытуға бағытталған осы барлық өткізілетін қалалық іс-шаралар келесі жылы Қарағанды қаласының 90 жылдығын өткізу кезінде өз жалғасын табады.

Қарағанды қаласы әкімдігі
21.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 239
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 741
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 864
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 777

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8934
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8328
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11556
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9313
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10540