Қазір “Әулиеата үміті” байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп жатыр.
Жиында сөз алған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов келер жылы “Әулиеата жастары” бағдарламасына 1 млрд.тг-ге жуық қаражат бөлінгенін айтты. Бұл дегеніміз 200 жастың басыбайлы баспаналы болуына үлкен мүмкіндік.
Шыны керек, көңіл толқыды. Қаншама жас отбасы баспанасыз жүр. Соның салдарынан айлығын шайлығына жеткізе алмай ажырасу т.б.келеңсіздіктер орын алып жатыр. Демек, 200 отбасында орта есеппен 4 адамнан болса 800 адамның қуанышын көреміз.
Қоғамдағы баспана мәселесі, әсіресе, жастардың мұқтаждығы ескерілген екен. Ендігі кезекте техникалық қызметкерлер (былтыр қаржы таршылығына орай енгізілген сыңайлы) деген шектеу алынса деген өтініш бар.
Сан-салада үздік атанған жастарды құттықтаймын! Әріптестеріміз Диана Орынбасар мен Ғалия Абылай да “Әулиеата үміті” атанды.
Тараз қаласы әкімдігінің маманы Медет Нурдилла “үздік қоғам белсендісі” атанса, балаларым білім алатын Бауыржан Момышұлы атындағы гимназияның мұғалімі Лаубай Тоғжан да мінберден көрінді.
Жаңа Қазақстанда жастарға жағдай жасала берсін!