3500 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

3500 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

25 меморандумға қол қойылды. Осылай деген «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Равиль Төлебаев 2024 жылы және биылғы жылдың алғашқы тоқсанында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, баяндама жасады.

 

– Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру және шағын өнеркәсіп аймағының құрылысын несиелеу есебінен активтер 13 миллиард теңгеге артып, 48 миллиард теңгеден 61 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Сонымен қатар облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыс атқарылып, 2024 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласындағы ірі сауда желілеріне тұрақтандыру қорынан жалпы құны 338,8 миллион теңгеге тауарлық интервенция жүргізілді. 2025 жылдың алғашқы кезеңінде картоп өнімінің бағасының күрт өсуіне байланысты тұрақтандыру қорынан Тараз қаласы аумағындағы «Дәмді себет», «Нұрислам», «Фиркан», «Әлеуметтік дүкен» және үй маңындағы дүкендерге 415,2 тонна картоп тауарлық интервенциямен шығарылды. Аталған өнім дүкен сөрелеріне 130 теңгеден қойылды. Сондай-ақ осы жылы жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласындағы ірі сауда желілеріне тұрақтандыру қорынан құны 70 миллион теңгеге тауарлық интервенция жүргізілді.

 

2024 жылы «Ауылшаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды несиелендіру» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінді. Қосымша жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге қарастырылды. Сондай-ақ өңір халқының табысын арттыру мақсатында 2019-2024 жылдар аралығында «Ауыл аманаты» жобасы аясында республикалық бюджеттен жалпы 38,4 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлініп, 8 027 жоба қаржыландырылды, – дейді Равиль Қуанышбайұлы.

 

Акционерлік қоғамның атқарған жұмысы мұнымен тоқтап қалған жоқ. Мәселен ауылшаруашылығы және осы саладан тыс бағыттағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 50-ден астам үлгілік жобалар тізбесі жасақталып, ауыл тұрғындарына ұсынылған.

– «Тараз» индустриялық аймағының аумағында 1 426 жұмыс орны құрылатын 141,6 миллиард теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде натрий цианиді және аммоний сульфаты өндірісі, натрий пиросульфитін өндіру, әк өндірісі және басқа да жобалар іске асырылуда. Облыс аудандарында «Меркі», «Құлан», «Сарысу-1» және «Сарысу-2» субаймақтарын 180 гектарға құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл субаймақтарда әрбір аудан ерекшелігіне байланысты орта және шағын кәсіпорындар ұйымдастырылатын болады. «Тараз» индустриялық аймағы мен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы аумағында шағын орта бизнесті қолдау үшін өнеркәсіпті дамыту қорының қаражаты есебінен заманауи өндірістік аландардың құрылысы жүргізілуде (ауданы 40 мың шаршы метр).

Осы алаңдарды пайдалануға беру биылғы жылдың маусым айының соңына дейін жоспарлануда. Бүгінгі таңда инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген өндірістік жайлар кәсіпкерлер тарапынан алдын ала броньдалған. Өндірістік жайлар төмен бағамен (1 шаршы метрге 1200 теңге) ұзақ мерзімді жалға беріледі. Аталған өндірістік алаңдарда тракторларға арналған қозғалтқыштар, трансформаторлар, шыңдалған шыны, ауылшаруашылығы техникасы, тамшылатып суару және жаңбырлатып суару жүйелерінің өндірісі, екі және үш доңғалақты мототехника құрастыру, қағаз шығару, натрий гипохлориді секілді өндірістер жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, шағын өнеркәсіптік аймақтарды одан әрі дамыту мақсатында қаржыландыруды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деген Равиль Қуанышбайұлы 2024 жылдың мамыр айында Қоғамның базасында Жамбыл облысына инвестициялар тарту бойынша «Zhambyl Invest» дирекциясы құрылып, Zhambyl Invest құрылғалы бері 300-ден астам кездесу мен консультация өткізіліп, инвесторлармен 25 меморандум мен өзара ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қойылғанын тілге тиек етті.

– Zhambyl Invest отандық және шетелдік инвесторларға «бір терезе» принципі бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Zhambyl Invest-тың негізгі міндеттерінің бірі – Жамбыл облысының инвестициялық тартымдылығын арттыру. Сондай-ақ шетелдермен ынтымақтастықты нығайту және инвестиция тарту мақсатында жұмыс барысында 5 басым бағыт таңдалды. Олар Түркия Республикасы, ҚХР, Еуроодақ елдері, Парсы шығанағы елдері және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Сонымен қатар, Zhambyl Invest жергілікті өндірушілердің экспорттық әлеуетін дамыту, олардың өнімдерінің шетелдік нарықтарға шығуына жағдай жасау бойынша белсенді жұмыс істейді. Облыс басшылығы мен кәсіпкерлерін қамтитын делегациялардың шетелдерге сапарларын ұйымдастырады. Халықаралық инвестициялық форумдарға белсенді қатысып, Жамбыл облысын Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі, Орталық Азия инвестициялық форумы және басқа да ірі бизнес алаңдарында таныстырады. Жоғарыда аталған қадамдар негізінде бүгінгі күні Zhambyl Invest жалпы құны 2,9 миллиард АҚШ долларын (1,5 трлн теңге) құрайтын 35 іске асырылатын және пысықталып жатқан жобадан тұратын пулды сүйемелдейді. Жобалар Қытай, Түркия Республикасы және басқа да шетелдік инвесторлармен бірлесіп іске асырылуда. Олардың ішінен 2 ірі жобаны атап өткім келеді. Біріншісі «Yonggang Iron and Steel Group Co., Ltd» ЖШС (Инвесторы: Fujian Hengwang Investment Co., Ltd) – Шу ауданындағы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында жылына 3 миллион тоннаға дейін металлургиялық зауыт салу жобасы. Оның құны 674 миллиард теңгені құрайды және 2 500 жұмыс орнын құруды көздейді. Ал екінші жоба «Shengtai Biotech Co.,Ltd» ЖШС (Инвесторы: Fufeng Group Ltd.) құны шамамен 500 миллиард теңге болатын жүгеріні терең өңдеу зауытын салу жобасы. Жоба аясында 1 000 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. Ағымдағы жылдың 16-17 сәуірінде осы зауыттардың құрылысын бастау рәсімі өтті, – дейді Равиль Төлебаев.

 

Мұқағали ЖАМБЫЛҰЛЫ,

Жамбыл облысы

 

22.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 197
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 196
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 212
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 360

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13271
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13250
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28365
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27050
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30545