45 миллионға жуық шабақ құтқарылды

45 миллионға жуық шабақ құтқарылды

«Атырауда су арналарынан балықтарды құтқару жұмыстарына «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының барлық бөлім қызметкерлері мен №5546 әскери бөлімінің сарбаздары жұмылдырылды», – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Су маржандарын құтқаруға «АрнаулыАвтобаза», «Абылай-Хан» ЖШС, «Аманкелды атындағы» ЖШС, «Сағиева» ШҚ, «Восток» ЖШС, «Тілекші» ЖШ және «Долгий» ЖШС қызметкерлері мен «Ақжайық» табиғи резерваты мекемесінің мамандары бірігіп, апта бойы үздіксіз қызмет етті.

– Қазір су қайтып, жайылмадағы су тартылып жатыр. Салдарынан, балық шабақтарының өлу қаупі туындады. Осыған байланысты шабақтарды құтқару жұмыстарын жүргізудеміз. Бұған 17 үлкен іс-шара бекітілді. Жалпы шабақтарды құтқару жұмыстары 5 тамызда басталса, 9 тамыздан бастап жұмыс күшін көбейттік. Оған 30-дан аса сарбаз және 20-дан аса балық шаруашылығы кооперативі жұмылдырылды. Ал жылы канал бойында 100-ден аса Ұлттық ұлан сарбаздары және 20 кооперативтің 11-і жұмыс жасап жатыр. Жұмыстар басталғалы бүгінге дейін 44 млн 741 шабақ құтқарылды, – деді облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н.Жантоқов.

Нәтижесінде Атырау-Доссор тасжолы бойындағы «Соколок» арнасынан және сол аумақтағы жайылма сулардан 646 000 шабақ құтқарылды. Ал «АЖЭО» АҚ-ның сарқынды суларына арналған Маломокрый арнасы бойында ағысқа қарсы жиналған судан 93 мыңға жуық шабақ сүзіп алынды.

Сонымен қатар, Махамбет ауданындағы Жалғансай және Сарайшық ауылдық округі аппаратының қызметкерлері мен еріктілер бірлесіп, ауыл аймағындағы және Атырау-Орал тасжолы бойындағы жайылма сулардан 80 мыңнан аса балық шабағы құтқарылды.

Айта кетейік, арнайы құралдармен сүзіп алынған шабақтар оттекті ыдыстарға салынып, тірі күйінде Жайық өзеніне жіберілді. Бұдан бөлек, тасжол бойындағы жайылма суларды «Соколок» арнасына құятын қосымша канал қазылып жатыр.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 61
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 49
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 138
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 121
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 533
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 503
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 523
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 520
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 514
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 531
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 519

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9766
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9139
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12375
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10142
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11352