500 кубтан аса қар шығарылды

500 кубтан аса қар шығарылды
Таразда кешелі бері ақ ұлпа қар жауып жатыр. Соған орай шаһарда қар тазалау жұмыстары қарқын алды.
Бүгінгі таңда қала қарын күреуге 192 жұмысшы мен 47 техника жұмылдырылған.
Атап айтқанда, Абай, Көшеней, Сүлейменов, Жамбыл даңғылы, Тәуке хан, Төле би көшелері мен әуежай аймағы, парктер мен скверлер, сондай-ақ басқа да көшелер мен аялдамалардағы қар тазаланып, жолдар аршылды.
Осылайша кешеден бері шаһар аумағынан 500 кубтан аса қар шығарылды. Күрелген қар тасымалдаушы техникалар көмегімен арнайы орынға төгілуде. Мамандар қалада қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы кезекпен атқарады.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы
15.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4956
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5121
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20078
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18723
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22181