54 мыңнан астам жамбылдық жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады

54 мыңнан астам жамбылдық жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады

Ағымдағы жылы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында Жамбыл облысында 54 156 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады деп жоспарлануда. Аталған бағдарламаға биыл 13,7 млрд. теңге қаралды десек, ол өткен жылмен салыстырғанда 4,3 млрд. теңгеге артық.

Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов атқарылған жұмыстар мен жоспарларға жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, жыл басынан бері 16476 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылса, 11845 адам жұмысқа орналасқан. Ал, тұрақты жұмысқа 3763  адам тұрған.

Биыл облыс бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына барлығы 12,1 млрд.теңге қарастырылса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1 млрд.теңгеге артық. Субсидияланатын жұмыс орындарына барлығы 13507 адамды тарту жоспарланып, жыл басынан  3089 адам тартылды.

- Бүгінгі таңда қайтарымсыз гранттар да белсенді шаралардың ең тиімді құралдарының бірі болып отыр.

Биылғы жылы облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына, яғни 1054 адамға 1454,5 млн.теңге (РБ) көлемінде қайтарымсыз гранттар беру жоспарланып отыр. Грант беру жұмыстары  жиырмасыншы ақпаннан басталып, порталға облыс бойынша барлығы 2470 өтініш түсті. Бүгінгі күнге барлық өтініштер қалалық, аудандық деңгейде құрылған комиссияларда қаралып, шешімдер толығымен жолданды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, ағымдағы жылы жастарға 2,5 пайызбен микрокредит беру қаралып отыр. Осы мақсатта облыс бойынша 347 адамға 1735,0 млн. теңге көлемінде микрокредит беру жоспарлануда,-деді басқарма басшысы.

Облыс әкімі көрсеткіші облыстық орташа деңгейден төмен аудандардан жеке-жеке жауап алып, олардың дайын еместігін, және мәліметтердің әрқилылығына қатысты басқарманың жұмысын сынға алды.

- Жыл сайын қанша қаржы бөлініп жатса да, жұмыссыздардың саны азаймай отыр. Бақылау дұрыс жүргізілмейді. Кемшіліктерді жасырмай, мәселелерді шешу бойынша жұмыс істеу керек.

Былтыр гранттар бойынша көптеген шағымдар түскен. Ағымдағы жылы оған жол берілмеуі қажет. Мемлекеттік қызметкерлердің комиссиялардың төрағасы болуына жол берілмеуі маңызды. Тек, ережеге сәйкес жұмыстарды үйлестіріп беріңіздер. Осы орайда, басқарма тарапынан жұмысты жүйелеудің арнайы әдіс-тәсілдері әзірленуі тиіс.

Бұл тұрғыда барлық заңнама және ереже талаптары сақталуы керек. Қала, аудан әкімдері басқармамен бірлесе отырып, қаржының мақсатты әрі тиімді игерілуін қатаң бақылауды ұстауы қажет,-деп тапсырды Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімі кемшіліктерге жол берген жауапты тұлғаларға тәртіптік шара қолдануды тапсырды.

Сондай-ақ, кеңес барысында «Асар», «Мейірім», «Жомарт түлек» жобаларының жүзеге асу барысы талқыланды.

Аймақ басшысы бұл жобалардың тәрбиелік, әлеуметтік маңызына айрықша тоқталып, жыл сайынғы көрсеткіштің өсім динамикасын қамтамасыз ету керектігін баса айтты.

Жамбыл облысының әкімдігі
28.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 75
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 75
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 222
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 440
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 403

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9098
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8497
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11724
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9490
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10706