5,5 млн доллар иеленсем, мешіт пен мектеп саламын

5,5 млн доллар иеленсем, мешіт пен мектеп саламын

Тайландтың Бангкок қаласындағы United Overseas Bank (UOB) банкінің қызметкері Аудит жөніндегі менеджері Чеонг Ви мырзадан хат алып қуанып отырмын. Азамат екен. Менімен аттас, марқұм болып кеткен Аллен Қабылбек мырзаның аталмыш банкте $ 5,5 (Бес млн бес жүз мың АҚШ доллары)  депозиті барын айтып мені қуантып отыр. Соны «Пятьдесят на пятьдесят» онымен бөлісуім керек болып тұр. (Басқаны білмесем де, бөлісуді, бөліп ішуді, ыңғайын келтіріп пара беруді білемін ғой).

«Әссалаумағалейкум» деп амандасуының өзі неге тұрады Чекеңнің!  Ішім жылып қалды біртүрлі.

$ 5,5 млн. Бұл дегеніңіз қып-қызыл ақша ғой! Елу де елуге келісе алмайтын шығармын. Бұл өте көп сума. Чеонг Ви мырзаға «Чеке, елуің өте көп, келіссең сексені менікі, жиырмасы сенікі» деп жазып жібердім. Әзірге жауап жоқ. Бұлар қазақтарды «Лох» көріп алған әбден шамасы.

 Қазір «ол ақша қолға тисе, не істеймін?» деп басым қатып отыр. Әрі ойланып, бері ойланып, бір шешімге келдім. Астананың қақ ортасынан бір зәулім мешіт, он мектеп салдырамын. Үйсіз жүрген қазақтарға сол жағалауда қаңырап тұрған ғимараттарды сатып алып, сыйға тартамын (көрсін жұрт кім екенімді). Артылып жатса, Астана іргесінен ине мен жіп шығаратын фабрика, қымыз бен шұбат, сүт пен айран өңдейтін зауыт салып тастаймын. Ол аз десеңіз, Астана іргесіндегі Талапкер ауылының көшесін жөндеп, су тартқызамын.

Одан артылып жатса, дүркіретіп той жасаймын. (Қазақпын ғой). Төлеген ақын айтқандай, «Жанам деген жігітке от беремін, Шабам деген жігітке ат беремін...». 

Үлкен арманым орындалады. Шетелден, Ресейден әншілер алдырамын. Өзіміздің дәстүрлі әншілерді маңайға жолатпаймын. Айтпақшы, айтыс ұйымдастырамын.  Жомарттығымды тақырып етіп беремін оларға... Содан кейін ана байлар ала беретін... бір-екеуін..., иә, иә, сол, соны реттеймін. 

Сөйтіп, көңілім жайланғасын, блогерлерге (ақшасын аямаймын) жарнамалатамын. Әлеуметтік желі мен телеарналар күндіз-түні мені көрсететін болады. Төрде қасқиып отырамын бұйыртса... Іші күйгендер тұз жалайды әлі.

Бұдан да ақша артылып жатса, Түркиядан, теңіз жағасынан екі-үш пәтер алып тастаймын. Бизнес ашамын. Түріктің де бір-екі сұлуын... нетіп, әдептен аспай... шариғат жолымен...

Құрсын бәрі, жанға рақат керек. Итшілеп, қарызданып-қауғаланып, банк несиесіне «байланып» қашанғы жүрем. Шаршадым. Бұл тірліктен қажыдым, ағайын.

Осынша байлық өз аяғымен келіп тұрғанда бас тарта алмаймын. Қазір ұшамын Тайландқа. $ 5,5 млн (Бес млн бес жүз мың АҚШ доллары) айырылар жайым жоқ. Байлықтың иесімен «тегім» бір. Демек заңды мұрагермін. 

Месенджермен келген хат мынау:

Ассаламу алейкум Нағашыбай Қабылбек мырза.

Мен сізге пайдалы болуы керек бизнес ұсынысы үшін хабарластым. Бұл сіздің атыңыз/ұлтыңыз туралы. Мен Чеонг Ви мырза, Тайландтың Бангкок қаласындағы United Overseas Bank (UOB) банкінің қызметкерімін. Аудит жөніндегі менеджер ретінде мен бұл ұсынысты Бангкок қаласында Gold бизнесімен айналысқан, менің банкімде 2007 жылы 108 күнтізбелік ай бойы АҚШ долларымен есептелген мерзімді депозиті бар еліңіздің азаматы, марқұм Аллен Қабылбек мырзаға қатысты айтып отырмын. $5,500,000.00 (Бес млн бес жүз мың АҚШ доллары) бұл депозитті төлеу мерзімі 2014 жылдың соңғы 22 қаңтары болды. Өкінішке орай, ол Дондағы Ростов орталық аймағында көлік апатынан қайтыс болды. Ресейде іссапармен жүргенде».

Осындай «хаттар» әлеуметтік желі арқылы көптеп келуде. Бәрі өтірік. Сеніп қалмаңыздар. Сақтанғанды Құдай да сақтайды.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК, ҚР Ақпарат саласының үздігі
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 126
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 122
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 126
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 311
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 934

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9006
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8401
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11627
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9384
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10611