56 отбасы баспаналы болды

56 отбасы  баспаналы болды

Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жаңа пәтерлер беру жұмыстары жалғасуда.

Бұл туралы Орал қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Облыс орталығында су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, су тасқыны салдарынан жалғыз үйі жарамсыз болған отбасылар жаңа баспанамен қамтамасыз етілуде. Қазір шаһарда осындай 1103 отбасы жаңа пәтер иелері атанды.

Соның жалғасы ретінде қаланың орталығындағы «Азимут» тұрғын үй кешенінен 56 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді. Жаңа қоныс иелерін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтады. Ол Президенттің қолдауымен су тасқынынан зардап шеккен барлық азаматтарға қажетті қолдау шаралары көрсетіліп жатқанын атап өтті. Пәтер иелерінің қуанышына ортақтасып, шаңырақтарына бақ-береке тіледі.

Оралда  су тасқынынан зардап шеккендерге нарықтағы пәтерлерді сатып алумен қатар, тұрғын үй салып беру жұмысы да жүргізілуде.  Бүгінде шаһардың іргесіндегі Зашаған, Деркөл кенттерінде және Жұлдыз шағын ауданында 400-дей үйдің құрылысы жүргізілуде.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА
24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 97
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 60
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 163
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 144
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 557
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 525
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 546
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 544
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 539
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 556
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 543

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9163
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12400
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10167
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11376