«59 мыңға билет алдым»: Мақпал Жүнісованың домбырасын бортқа өткізбей қойған

«59 мыңға билет алдым»: Мақпал Жүнісованың домбырасын бортқа өткізбей қойған

Ол өзінің осындай жағдаймен үшінші рет бетпе-бет келіп тұрғанын атап өтті.

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова ұшақта домбыраны тасымалдау тәжірибесіне шағымданды.

Ол өзінің instagrm парақшасында домбыраға да билет алғанын айтып бейнежазба жариялады.

«Аты-жөні жоқ, домбыра деп жазылмаған. Айғай-шумен 59 мың теңгеге билет сатып алып өткіздік», – деп наразылығын білдірді халық әртісі.

Сондай-ақ, ол өзінің осындай жағдаймен үшінші рет бетпе-бет келіп тұрғанын атап өтті.

Flyarystan әуекомпаниясы аталған жағдайға түсініктеме берді.

«Тегін тасымалдауға болатын ең жоғарғы салмақ – 5 кг. Максималды өлшемдері – 56x23x36 см. Ақылы түрде 10 кг дейін арттыруға болады, бірақ өлшемдері мен саны өзгеріссіз қалады, яғни, бір дана қолжүгінің өлшемі 56x23x36 см-ден аспауы тиіс. Кез келген қолжүгі, оның ішінде музыкалық аспапты қоса алғанда, барлық бөліктерімен (қаптамасы, қапшығы және т.б.) стандартизаторға сәйкес келуі тиіс»,  деді Flyarystan.

Музыкалық аспап үшін орын сатып алудың маңызы неде екенін келесідей түсіндірді: Жолаушыларға қамқорлық көрсету (әр жолаушының қолжүгін орналастыруға жеткілікті орын беру құқығы) және музыкалық аспаптың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, егер аспаптың өлшемдері қолжүгінің өлшемдерінен асып кетсе, оған жақын орынды сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.

Қызмет құны ағымдағы қолжетімді тариф бойынша қосымша орын құнына сәйкес анықталады.

Егер қызмет рәсімделмесе, музыкалық аспапты жолжүк бөліміне тапсыру қажет (әуекомпания аспаптың қауіпсіздігіне жауапкершілік алмайды) немесе әуежайдың сақтау камерасында қалдыру керек.

«Лоукостерлердің қолжүктерге қатысты ережелері ұшақ бортында көп жолаушы болғандықтан, әр жолаушының қолжүгін орналастыру мүмкіндігі болуын қамтамасыз ету мақсатында белгіленген. Бұл ережелер әлем бойынша басқа лоукостерлерде де қолданылады»,  деп түсіндірді әуекомпания.

Сондай-ақ, әуекомпания өнер өкілдерін құрметтейтіндігін және халқымыз үшін киелі домбыраның құндылығын жоғары бағалайтындығын атап өтті. Дегенмен олардың басты құндылығы — жолаушылардың ұшу кезіндегі жайлылығы мен қауіпсіздігі.

«Әуекомпанияның өкілдері музыкалық аспапқа жақын орын брондап, оны сатып алуды ұсынды. Өнер иесінің қызметті тегін рәсімдеуді талап етуіне қарамастан, нәтижесінде жолаушы билет ақысын төледі»,  деп жауап берді FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметі.

коллаж: Тurkystan.kz https://turkystan.kz/article/251554-59-myng-a-bilet-aldym-makpal-zhunisovanyn-dombyrasyn-bortka-otkizbei-koigan
06.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 602
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 611

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8748
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8148
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11377
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9131
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10362