5G технологиясы бойынша 49 базалық станса іске қосылады

5G технологиясы бойынша 49 базалық станса іске қосылады

Бұл туралы Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Алмас Көпжанов баспасөз мәслихатында мәлім етті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта облыста 153 ауылдық елді мекеннің 132-сі интернетпен қамтылған. Жалпы халықтың интернетпен қамтылу үлесі 99,6%-ды құрайды. – Бүгінде Атырау қаласында халық көп шоғырланатын жерлерде 5G технологиясы бойынша интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін 25 базалық станция бар. Былтыр 15 базалық станция орнатсақ, жылдың аяғына дейін тағы 49 бекет қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 38 ауылдық елді мекенге талшықты оптикалық интернет желісін жүргізу және облыс бойынша облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды үздіксіз байланыспен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз, – деді А.Көпжанов.

12.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14215
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13024
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16289
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15187
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20237