6 инвестициялық жоба іске асырылады

6 инвестициялық жоба іске асырылады

Мойынқұм – өндірісі жаңа жанданып, экономикасы артып келе жатқан өңірдің бірі. Оған соңғы он жылдың көлемінде салынып, жұмысын жолға қойып үлгерген өндіріс ошақтары дәлел. Жалпы, Мойынқұм ауданында 6 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Зауыт инвесторы әрі директоры Пьетро Каланың айтуынша, Қазақстан бойынша цементке деген қажеттіліктің 20 пайызын «Жамбыл цемент» зауыты жауып отыр. Өнімнің басым бөлігі Астана мен Тараз қалаларына өткерілуде. 2010 жылы іске қосылған зауыттың жылдық қуаттылығы 1,5 миллион тоннаны құрайды.

– Былтыр компанияда 1,4 миллион тоннадан астам өнім өндірілді. Қазіргі таңда зауытта 227 жұмысшы еңбек етуде. Олардың бірқатары жергілікті тұрғындар. Қазір біздің зауытта тұрмыстық қалдықты өртеп, одан 74 пайыз цемент жасап шығару мүмкіндігі де бар. Тек сол тұрмыстық қалдықты зауытта өндіріс мақсатында пайдалануға табиғат жанашырлары рұқсат берсе, біз жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл мәселені жуырда зауытымызға арнайы келген облыс әкімі Нұржан Нұржігітовке де айттық. Аймақ басшысы біздің бастаманы қолдап, тиісті орынбасарларына тапсырма берді. Бұдан бөлек, теміржол мәселесі мен баламалы отын мәселесін шешіп берсе жақсы болар еді, – дейді инвестор.

Өңірде жұмыс істеп жатқан келесі компания – «Компания Мың-Арал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік балықты мұздату және өңдеумен айналысады. 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан зауыттың жылдық қуаты 1500 тоннаны құрайды. Кәсіпорын 2021 жылы 133,6 тонна, өткен жылы 122 тонна балық өндірген. Онда 30-дан астам адам еңбек етеді.

Зауыт директоры Сергей Нидің айтуынша, компания өнімі Еуропа елдеріне экспортталуда. Кәсіпкер Экология министрлігі тарапынан бір жылда 1250 тонна ғана балық аулауға лимит берілгенін айтып, биыл оның көлемін тағы 700 тоннаға көбейтуге рұқсат алмақ ниетте екенін жеткізді.

– Қазір Балқаш көлінде заңды және заңсыз балық аулаумен айналысатын азаматтар қатары көбейген. Әсіресе, балық аулауға рұқсат берілген тұста олардың қатары артып кетеді. Қаскөйлер де азаймай отыр. Біз нәсібімізді осы көлден айырып отырмыз. Балықтандыру жұмысына да көңіл бөлеміз. Біз өндіріс көлемін арттырғымыз келеді. Сол үшін зауытқа Балқаш көлінен тағы екі учаске бекітіп берсе, – дейді Сергей Ни.

Жалпы, облыста балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай тауарлы балық өндірісін 3 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Ол үшін өңірде 18 инвестициялық жоба қолға алынуда.

Өткен жылы Мойынқұм ауданының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 94,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Облыс бойынша өнеркәсіптегі ауданның үлесі 11 пайыз десек, бұл – аудандар ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Бүгінгі таңда ауданда 2 мыңнан астам адам өнеркәсіп саласында жұмыс істеуде.

Металлургия саласында «Алтын алмас» акционерлік қоғамының Ақбақай филиалы табысты жұмыс істеуде. Құрылыс индустриясы саласында «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС, «Оргстрой» ЖШС, кен өндіру саласында «Шығыс кен басқармасы» ЖШС және тағы басқалар. Бұдан бөлек, ауданда 6 жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асырып, қосымша 850-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ Мойынқұм ауданы
11.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 66
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 104
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 105
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 66
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 212
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 218
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 432
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 396

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9089
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8486
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11714
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9480
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10695