800 зергерлік бұйым сақталған

800 зергерлік бұйым сақталған

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қорындағы жәдігерлердің 25 000-ға жуығы мемлекеттік есепке алынған. Өйткені, олар түпнұсқа болып табылады. Сол құнды жәдігерлердің 800-ін зергерлік қолөнер бұйымдары құрайды. Ол жайында бізге «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Қ. Нұрахметова айтып берді. 

– Зергерлік бұйымдардың ішінде сырға, шекелік, шашбау, белдік, қапсырма, тана, түйме, алқа, бойтұмар, білезік және жүзік секілді бірін-бірі қайталамайтын күміс әшекейлер бар. Салыстыра қарағанда, олардың жасалу жолы мен көлемінен, безендірілуінен еліміздің әр өңіріне тән өзіндік ерекшелік байқалады. Айталық, Қазақстанның шығысында жұмырланып және төрт қырланып соғылатын білезіктер, солтүстігі мен орталығында жіңішке білезіктер, батысында көлемі өте үлкен болып келген, сырты алтынмен апталған білезіктер жиі кездеседі. Ал, оңтүстігінде құйма сом білезіктер кеңінен қолданысқа ие. 

Әрине, әйелдердің әшекейлері олардың жасына қарай өзгеріп отырған. «Әшекей бұйымдардың сыртқы пішініне әртүрлі факторлар әсер еткен болуы мүмкін» дейді ғалымдар. Мәселен, еліміздің оңтүстігінде әшекей бұйымдардың сыртқы пішініне егін шаруашылығымен айналысатын өзбек және тәжік халықтарының мәдениеті, солтүстігі мен шығысында Еділ бойы татарларының зергерлік өнерлері ықпал еткен деседі. Алайда, ол қазақтардың дәстүрлі мәдени тегінің негізін өзгерте алған жоқ, – дейді Қ.Нұрахметова. 

Айрықша назар аударар жайт, аталмыш музей қорында сақталған әшекей бұйымдар Қазақстанның әр аймағындағы зергерлердің қолынан шыққан және XIX-XX ғасырларда жасалған екен.  

 

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
14.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 42
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 103
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 20
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 46
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 45
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 103
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 133
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 137
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 125
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 131
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 139
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 132

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11262
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10198
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13445
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12399
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17407