95-ШІ КӨКТЕМ

95-ШІ КӨКТЕМ
Нәзікжандылардың төл мерекесі қарсаңында Д.Қонаев ауылында тұратын Жібек Мыңжасарова әжеміздің шаңырағына арнайы барып, төл мерекесімен құттықтап, батасын алдық. Биыл 95-ші көктеміне аяқ басып отырған апамыздың санасы сергек, денсаулығы қалыпты. Екі ғасырдың куәсі Жібек апамыз немере-шөберелерінің қамқорлығында бақытты ғұмыр кешіп отыр. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай құттықтап барғанымызда әжеміз «Іздеп келгендеріңе алғыс айтамын. Сендерге менің жасымды берсін, бейнетімді бермесін!» деп ақ батасына қол жайдырды. Бүгінде үбірлі-шүбірлі болып отырған әжеміздің жасы ұзақ болып, артынан ерген немере-шөбересінің қызығына тоймай, бақытты ғұмыр кешуін тіледік.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі
08.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5058
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5222
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20183
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18827
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22282