А. Көлгінов: «Бұл мерекенің тарихымыздан алар орны ерекше»

А. Көлгінов: «Бұл мерекенің тарихымыздан алар орны ерекше»

9 мамыр – Жеңіс күні. Тарихта кеңестер одағы елдері үшін ұлы Отан соғысы аталып кеткен, екінші дүниежүзілік соғысқа биыл 77 жыл толды. Адамзат тарихында қанқұйлы соғыс, сұм соғыс деп таңбаланған 1941-1945 жылдардағы Герман-Cовет соғысында ресми дерек көздеріне сәйкес тек Қазақстаннан майданға 1 миллион 200 мың адам, еңбек армиясы мен арнайы құрылыс бөлімшелеріне 700 мыңнан астам адам аттаныпты. Елімізде әскерге шақырылғандардан 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50 жеке полк пен батальон жасақталған. 497 қазақстандық КСРО батыры атанды. 96 638 қазақстандық жауынгер орден-медальдармен марапатталды. Ең өкініштісі қаншама азаматтарымыз оқ пен оттың ортасынан оралмай, мәңгілік естелікке айналды.

Тарихи деректерге көз салсақ, Қазақстан соғыс жылдары негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналған екен. Елімізге соғыс жүріп жатқан өңірлерден екі рет 220-дан астам зауыт, фабрика, кәсіпорындары көшіріліпті. Тек 1942 жылдың өзінде еліміз одақ бойынша өндірілген қорғасынның 85%-ын, көмірдің 18%-ын, молибденнің 60%-ын, октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын майданға жөнелтті. Сондай-ақ, жауға қарсы атылған 10 оқтың 9-ы Қазақстанда жасалғанына тарих куә. Ендеше, бұл жеңіс біздің аталарымыздың қанымен, жанымен келген жеңіс. Бүгінде көпшілік «9 мамырды парад өткізіп, той тойлау емес, батыр аталарымызды еске алып, ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, соғыс құрбандарына Құран бағыштауға ұластыра алсақ» деген көзқарасты жиі айтып жүр. Әрине, құптауымыз керек. Бейбіт күннің қадірін біліп, аталар рухына бас июіміз үшін 9 мамыр ұмытылмайды. 

Бүгінде Отан үшін от кешкен жауынгерлер қатары сиреп барады. Қазір елімізде 400-ге жуық қана қарт майдангер болса, ел астанасы Нұр-Cұлтан қаласында 18 ардагер ғана қалыпты. Солардың әрқайсын қала әкімі Алтай Көлгінов арнайы барып құттықтады. – Жеңіс күні мерекесі құтты болсын! Бұл мерекенің тарихымыздан алар орны ерекше. Батыр бабаларымыздың жанқиярлығы мен ерлігінің арқасында елімізде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрды, – дейді қала әкімі.

Қала әкімі А. Көлгінов биыл 96 жасқа толғалы отырған Василий Антоновичті үйіне барып құттықтады. Василий Антонович соғыс уақытында Минск, Варшава, Познань секілді өзге де қалаларды жау қолынан азат етіп, соғыстан кейін теміржол станциясында еңбек етті. Өзінің кәсібилігінің арқасында басшылық қызметтерді де атқарды және теміржол көлігінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Сонымен қатар биыл 99 жасқа толғалы отырған Ырзағұл Байкешев – ғасыр жасаған қария соғыс заманында Польша, Венгрия, Румыния елдерін басқыншылардан босатуға қатысып, соғыстан кейін Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде экспедитор болып қызмет атқарған екен. Ал Михаил Васильевич соғыстан кейін теміржол саласында жұмыс істеді, сол сияқты қаланың маңызды нысандарының құрылысына, Целинников сарайы, бірінші стадион, ЖЭО, әуежайын салуға атсалысты. Әкім әрбір соғыс ардагерінің жан жарасы мен мұңын, қуаныш пен естелікке толы өмір жолындағы әр сәттері туралы әңгімелерін тыңдап, олардың ауыр, «соқтықпалы, соқпақты» ғұмыр тарихына бас иіп, ұрпаққа үлгі болып қалар ерліктеріне құрмет көрсетті. – Батырларымызға қамқорлық көрсету, ерліктерін, есімдерін ұлықтап, құрмет көрсету – бүгінгі біздің басты парызымыз. Елордамызда ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп жатыр. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен бірге батырларымызды еске алдық. Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін! Жеңістің 77 жылдық мерекесі құтты болсын! – деді қала әкімі. 

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
14.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8442
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11669
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9432
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10650