Абай облысының дарынды балаларының зияткерлік олимпиадалар мен конкурстардағы жетістіктері: шолу және нәтижелер

Абай облысының дарынды балаларының зияткерлік олимпиадалар мен конкурстардағы жетістіктері: шолу және нәтижелер

 

 

2024 жылы Абай облысының оқушылары зияткерлік конкурстар мен олимпиадалардың республикалық кезеңдерінде жалпы есепте 96 медаль жеңіп алды. Олардың ішінде 18 алтын, 29 күміс, 49 қола. Сондай – ақ, 10 оқушы мен 3 команда халықаралық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары атанған. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде  Абай облысының білім басқармасы Дарындылықты және қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік "Дарын" орталығы директоры Светлана Оспанова баяндады.

 

-  9-11 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 2024 жылы 3 805 оқушы қатысты, бұл 9-11 сынып оқушыларының жалпы санының 19% құрайды. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысады. Жеке өтініш бойынша облыстық кезеңге облыстың олимпиадалық резервінің құрамына кірген оқушылар, сондай - ақ бірдей балл жинаған аудандық кезеңнің жеңімпаздары қабылданады, - деп атап өтті Светлана Оспанова.

 

2024 жылы республикалық кезеңге 62 оқушы қатысып, 14 медаль жеңіп алған (алтын – 3, күміс – 5, қола – 6). Бұл көрсеткіш былтырғы қарағанда екі медальға жоғары.

 

- Бородулиха ауданы үздік нәтижелер көрсетуде. Оқу жылындағы қатысушылар санының 43% - ы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Олардың ішінде 6 оқушы республикалық кезеңге жіберіліп, 4 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ 3 алтын медаль, 1 қола медаль. Және де үшеуі жоғары оқу орындары гранттарының иегерлері атанды, - деп қосты спикер.

 

Сонымен қатар, зерттеу жобалары байқауының республикалық кезеңіне 2024 жылы 24 оқушы қатысып, 21 жобаны ұсынды. 12 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: 2 алтын медаль, 4 күміс, 6 қола, 2 білім гранты. Байқаулардың республикалық кезеңіне қатысу қорытындысы бойынша Абай облысының командасы жалпы командалық есепте екінші орынға ие болғанын Светлана Оспанова атап өтті. 

 

- Сондай-ақ, облыс оқушылары Президенттік олимпиадаға, "Менің кіші Отаным" республикалық зияткерлік байқауына, химиядан жасөспірімдер олимпиадасына және математикадан Ұлттық олимпиадаға қатысты. Барлық оқушылар грамоталарға ие болды, жүлдегерлер де, жеңімпаздар да бар, - деді Светлана Оспанова.

 

Өңір оқушылары халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға қатысқан. Мысалы, Әбу Райхан әл-Бируни химия олимпиадасында күміс медальді Асланбек Акрамов, Информатика бойынша еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI) - Қазақстан құрама командасының құрамында Әлем Аменов күміс медаль жеңіп алса, ал Шәкәрім атындағы №5 көпсалалы гимназия командасы Индонезия чемпионатында қола жүлдеге ие болған.

05.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 680

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21033
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20815
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35967
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34457
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38348