А.Байтұрсыұлының 150 жылдығы аталып өтті

А.Байтұрсыұлының 150 жылдығы аталып өтті

“1922 жылы Түркістан Республикасының орталығы Ташкент қаласындағы А.Байтұрсынұлына арналған үлкен жиында оның омырауын алтын алқа таққан. Алқаның бір бетінде: “Түркістан зиялыларынан белгі. 1922 жыл, 2 август” деген жазу болса, екінші бетінде “Аха, күшті сенің қаламың, Халық ісі – сенің тамағың” Жаса ұлт мектебінің тұңғыш жүрегі,-деген мәтіндер жазылған”,-деп айтты ҚР журналистер одағының мүшесі, тарихшы әрі әдебиетші Мадияр Ералыұлы Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Тараз қаласындағы №50 академик Ө.Жолдасбеков атындағы мектептің ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен өткен “ҚАЗАҚ ӘЛІППЕСІНІҢ АТАСЫ” атты кездесуде.

Ахметтің өмірі мен саяси қоғамда алған рөлі, ел үшін қылған қызметі және қазақ руханиятына, мәдениет пен әдебиетіне, қазақ баспасөзінің темір қазығы “Қазақ” газетіне сіңірген еңбектеріне байланысты мол мағұлматтар айтылды.

“Біз әрқашан ұлт ұстазы Ахмет атамыздың: Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Ал күшті болуға бірлік керек” деген өсиетін әрқашанда саңамыз сақтауымыз қажет”,-деді орталықтың аға ғылыми қызметкері Фарида Метершұлова.

Бұдан кейін сөз алған орталықтың бөлім меңгерушісі Асылжан Шайділдаев ХХ ғасыр қайраткерлерінің тағлымды әрі қим-қиқаш тағдырына қатысты тарихты оқушылардың алдында айтып берді.

Кездесуден кейін орталықтың бөлім басшысы Назым Қожамарова Халық жазушысы, қазақ баспасөзінің баһадүрі Ш.Мұртазаның биылғы 90 жылдық мерейтойына орай өткелі жатқан іс-шаралар туралы хабарлап, ұстаздар мен оқушыларды орталықтағы Шерағаның мұраларымен таныстырып өтті.

19.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1022
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7068
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10918
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7137
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7279