Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылық кеші өтті

Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылық кеші өтті
 
Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері, күйші- композитор Әбдімомын Желдібаевтың 85 жылдығына арналған «Күмбірле күйім елімде!» атты шығармашылық кеші өтті.
Аталған кешті облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров ақжарма тілегімен ашып, облыс әкімінің құттықтау хатын жеткізді.
Шығармашылық кеште ҚР Мәдениет қайраткері, дирижер Нұрлан Бекенов, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері мен “Қазақ оркестрі” және оркестрдің көркемдік жетекшісі, дирижер Дулат Байзілдаев өнерлерін паш етті.
Кеш бағдарламасында «Сырлы саздың сыңғыры» кітабының тұсау кесер рәсімі өтіп, автордың «Ерке сылқым», «Жетісу сазы», «Әулиеата», «Көкшолақ», «Тұран елі», «Қызыл елік» атты шығармалары орындалды.
Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы
01.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14354
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14282
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29425
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28061
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31590