Адалдық алаңындағы зияткерлік шара

Адалдық   алаңындағы   зияткерлік шара

Орал қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Адал қала – адал қызмет» тақырыбында зияткерлік іс-шара өтті. 

Қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе ұйымдастырған шарасына мемлекеттік қызметшілер қатысты. Ұйымдастырушылардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық, ашықтық, заң үстемдігі және кәсіби әдеп қағидаттарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ командалық жұмыс пен құқықтық сауаттылықты дамыту.

Табиғат аясында өткен шарада алдымен сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дәурен Хайыров пен Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы Ержан Тұрмағамбетов республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты туралы атап өтіп, мемлекеттік қызметшілерді елге адал қызмет етуге шақырды.  

Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар «Қазақша Quiz» зияткерлік ойыны арқылы білімдерін сынады. Екінші кезең – «Шындық па, жалған ба?» интеллектуалдық викторинасында командалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет және қызметтік әдепке қатысты тұжырымдардың шындық не жалған екенін анықтады. Ал үшінші «Әдеп пен заң» кезеңінде жеребе арқылы берілген жағдаяттарды талдап, мемлекеттік қызмет этикасы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес өз шешімдерін ұсынды.

– Әр мемлекеттік қызметші «Заң мен тәртіп» қағидаты тек заң талаптарын орындаумен шектелмейтінін ұғынуы тиіс. Тарқатып айтар болсақ, заң мен тәртіп – күнделікті қызметтегі тиянақтылық, ашықтық, әділдік пен жауапкершілік. Мемлекеттік қызметші үшін бұл құндылықтар кәсіби мәдениеттің ажырамас бөлігі. Өйткені азаматтың мемлекеттік институттарға деген сенімі көбіне мемлекеттік қызметшінің біліміне, қарым-қатынасына, қабылдаған шешімі мен кәсіби ұстанымына байланысты қалыптасады. Мемлекеттік қызмет, бұл –ең алдымен қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілік. Ал сол жауапкершіліктің негізінде заңды білу, оны құрметтеу, кәсіби әдепті сақтау, әр шешімге байыппен қарау және өз ісіне адал болу жатыр. Заңды білу маңызды. Бірақ нақты жағдайда оны дұрыс қолдана білу, әдеп нормаларын ескеру, әріптестермен пікір алмасып, ортақ шешімге келу де кәсібиліктің белгісі. Сондықтан құқықтық мәдениетті қалыптастыру тек дәріс пен түсіндіру арқылы емес, ойлануға, талқылауға және өз білімін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін форматтар арқылы да жүзеге асуы тиіс деген оймен осы шараны ұйымдастырдық. Жалпы «Заң және тәртіп» идеологиясын дамыту және ілгерілету» жобасы аясында бірқатар жұмыстарды атқардық. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз әлі де жалғасады, – дейді «Жайық таңы» ҚБ-ның төрайымы Гүлбаршын Мұштанова. 

Шара соңында жеңімпаздар марапатталды. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

БҚО, Орал қаласы

31.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26618
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26052
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43442
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39228
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43848