Адам папиллома вирусы (АПВ) және оның алдын-алу

Адам папиллома вирусы (АПВ) және оның алдын-алу

Адам папиллома вирусы (АПВ) -200 жуық кең тараған вирустар тобы. Олардың 40 жуығы сыртқы жыныс ағазаларын зақымдайды.  Көбінесе вирустың ешқандай белгілері болмайды. Адамдар АПВ туралы білмей жүре беруі мүмкін. Бірақ кейде қол, аяқ не басқа жерлер терісіне сүйел ретінде көрінуі мүмкін.

АПВ  20 жуық  түрі — онкогенді. Ерлердің жыныс мүшесінің ұшында, қынапта, тік ішекте, вульва мен жатыр мойнында шығатын сүйелдер ауыртпылық  тудыруы мүмкін.  АПВ-ң осы типтері тамақ пен ауыз қуысында зақымдануы мүмкін.  АПВ вирусының кемінде 13 түрі жатыр мойны ісігін тудыруы мүмкін.  Жоғары қауыптегі ең кең тараған АПВ генотиптің  16,  18-2 түрі, жатыр мойны ісігінің шамамен 70% жағдайына себепші.

Бүкіл әлемдегі әйелдерде жиі кездесетін қатерлі ісіктердің ішінде жатыр мойны ісігі 4 орында тұр.   ДДҰ-ң Еуропалық аймағында жыл сайын 600000 астам әйелге жатыр мойны обыры диагнозы қойылады және жыл сайын 300000-нан астам әйел осы алдын-алуға болатын аурудан қайтыс болады.

Жатыр мойны обыры-ауыр зардаптары бар күрделі ауру,    ол негізінен 45-60 жас аралығындағы әйелдерге, сонымен қатар жас әйелдерге әсер етеді.

Елімізде жатыр мойны обыры 15-44 жас аралығындағы әйелдердегі қатерлі ісігінің арасында 2 орынды құрайды. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1800 жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады. Қазақстанда үш күн сайын әкі әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады.

Кейбір АПВ инфекциялары қынапта, жыныс мүшесінде және сирек көмейде пайда болуы мүмкін кішкентай,  өрескел өсінділерді тудырады. Олар ауруы, қышуы, қан кетуі немесе бездердің ісінуіне әкелуі мүмкін.

Өздігінен өтпейтін АПВ инфекциясы жатыр мойны жасушаларында өзгерістер тудырып, бұл емделмеген жағдайда жатыр мойны обырына айналуы  мүмкін. Әдетте, АПВ жұқтырғаннан кейін жатыр мойны обырының даму кезеңі 15-20 жылды құрайды. Жатыр мойны жасушаларының ерте өзгеруі және ісікке дейінгі  зақымданулар көп жағдайда симптомдар тудырмайды.  Жатыр мойны обырының белгілері етеккір арасында немесе жыныстық қатынастан кейін қан кету, сондай-ақ қынаптан жағымсыз йісті бөліністер   болуы мүмкін. Бұл белгілер басқа аурулардан да туындауы мүмкін. Егер мұндай белгілер болса, дәрігерге қаралу керек.

Адамнан адамға АПВ вирусы келесі жолдармен беріледі:

Тұрмыстық      байланыс тәснілімен:

АПВ қол алысу, сүйісу, теріің зақымдануы арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға-сауналарға, моншаларға, спортзалдарға, дәретханаларға, бассейндерге барған кезде мұқият болу керек.

Жыныстық қатынас арқылы:

Жыныстық жолмен берілетін вирустардың онкогендік түрлері жыныс мүшелерінде орналасқан сүйелдерді тудырады.

Туылған кезде тік жолмен: Вирус туу каналы арқылы өту кезінде анадан балаға беріледі.   Сүйелдер көбінесе нәрестелерде өмірдың алғашқы жылдарында аузында немесе терісінде пайда болады.

Жатыр мойны обырының алдын-алу жолы: 11 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы иммунизациясы.  ДДҰ барлық елдерді қыздар мен әйелдерді жатыр мойны обырынан және онымен байланысты салдарынан қорғау үшін  АПВ қарсы  вакцинацияны енгізуге шақырады. АПВ қарсы вакциналар 15 жылдан бері қолданылып келеді. Қырғыстанда 2022 жылдан, Өзбекстанда 2019 ж. АПВ салынуда.

ҚР Үкіметінің 24.09.2020ж. №612 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 20.02.2024ж. №102 қаулысына сәйкес ұлттық вакцинация күнтізбесіне АПВ вакцинациясы енгізілді.

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап  11 жастағы және қуып жету иммунизациясы бойынша 12-13 жастағы қыздарға адам папиломасы вирусына (АПВ) қарсы екпе жасалуда.

Вакцина білім беру ұйымдарындағы егу кабинеттері арқылы тегін жүргізілуде. Вакцинация ата-анасының ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.

АПВ-ға қарсы вакцинация дәрігердің қарауынан кейін қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жүргізіледі. АПВ-ға қарсы вакциналар иммунитеті төмен адамдар үшін қауыпсіз. Вакцинация 2 рет 6 ай интервалмен жүргізіледі. АПВ вакцинасы бедеулікке алып келмейді. Оған дәлел 15 жылдан бері алып жатқан елдерде қыздардың бала сүюі.

Қыздарымызды жаман ауру- жатыр мойны обырынан қорғап, АПВ қарсы екпе салдырайық! Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.

 

                                                                                                 Наурызбай ауданы

                                                                                                 санитариялық-эпидемиологиялық

                                                                                                 бақылау басқарма  басшысы

                                                                                   В.Конеева

 

                                                                                                 Эпидемиологиялық бақылау

                                                                                                 бөлімінің бас   маманы

                                                                                                       З.Куренкеева

14.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24400
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24062
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41505
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37418
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41766