Текті төрге шықса, көпке қарар

Текті төрге шықса, көпке қарар

Шынын айтайық, ел әлеуетін  көтерген – экс әкім Нұрлыбек. Нәлібаев қызметтік ауысу жасайды екен деген хабарды естіген халық «оның бастамалары қалай болады, елдің әлеуеті мен экономикасы жақсарып келе жатыр еді, енді не болмақ?» деген ойға берілген болатын. Алайда, Сырдың бір ұлы кетсе, екінші ұлы эстафетаны іліп әкеткенде аймақ әрі қарай дамитынына да сенген. Әкім Мұраттың алғашқы аяқ алысы жақсы болып шықты. Жаңа әкіміміз қызметке келген күннен бастап көңілдегі игі істерді қолға алып, арба доңғалағын одан әрі дөңгелете жөнелгенін көріп отырмыз. Қазақ  «ел қадірін көрген біледі, жер қадірін жүрген біледі» дегендей, ол ел ішіндегі қадағалау жұмыстарын былай қойғанның өзінде бірқатар ірі шаруалардың басын шешіп үлгеруде. Демек, беріле істеген іс берік болады. Соның біреріне тоқталсақ.

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев кешегі аптада Аризона (АҚШ) геномика институтының директоры, профессор Род Вингпен кездесті. Кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Басқарма төрағасы – ректор Ербол Искаков қатысты. 

Басқосуда аграрлық геномиканы дамыту және күріш шаруашылығына заманауи геномдық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Бұл Сыр жұртшылығы үшін өте өзекті мәселе. Тіпті бұған дейін шешімін толық таппай келе жатқан сала десек болғандай.  Өйткені қазірде облыста ауылшаруашылығы құрылымдарын жоғары репродукциялы күріш тұқымымен қамтамасыз ететін, аттестатталған 5 тұқым шаруашылығы жұмыс істейді.

Аймақта егілетін күріш дақылының 2,7 пайызы ғана – отандық, қалған 97,3 пайызы – шетелдік сорттар. Мұны ғалымдар бұрыннан айтып жүр, алайда оңтайын таппай келеді. Айталық, күріш селекциясын дамыту, Ресей, Қытай, Иран, Өзбекстан, Вьетнам, Түркиядан жаңа сорттарды жерсіндіру бағытында сынақ тәжірибелері жүргізілді. Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының «Сыр сұлуы», «Айсара» сорттары мемлекеттік сорт сынағынан өтуде. Тұқым шаруашылығын дамытуға мемлекет жыл сайын субсидия береді. Осыларда тілге тиек ете келген аймақ басшысы:

– Бүгінде құрғақшылық пен топырақ тұздылығына бейімделген дақылдардың, вегетациялық мерзімі қысқа сорттардың егіс көлемін ұлғайту басты назарда. Жұмыс сапарыңызға сәттілік тілеймін. Күріш селекциясын дамыту жолындағы еңбегіңіз әрдайым нәтижелі болсын, – деді Мұрат Ергешбаев.

Профессор былтырдан бері Kozybayev University жанындағы Агрокомпетенция орталығымен бірлесіп жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта тараптар Қызылорда облысындағы күріш шаруашылығына геномдық технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты дамытуда.

Сапар барысында профессор Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне барып, оқу орнының ғылыми-зерттеу әлеуетімен және заманауи зертханалар жұмысымен танысады. Бұдан бөлек, «Абзал и К» ЖШС күріш өңдеу зауытына, Нағи Ілиясов ауылына және «Мағжан и К» серіктестігінің егіс алқаптарына барады.

Айта кету керек, өңірде 270 мың гектар суармалы жер бар. Оның 179 мың гектарға жуығы – алты массивте орналасқан, инженерлік жүйеге келтірілген ауыспалы егіс алқаптары.

Жыл сайын вегетациялық кезеңге 3,2-3,6 млрд текше метр көлемінде суармалы су лимиті бекітіледі. Осы лимитке сәйкес 185-190 мың гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егіледі.

Сыр өңірінің негізгі дақылы саналатын күріш жыл сайын 85-90 мың гектар алқапқа себіліп келген. Алайда кейінгі жылдары суармалы су тапшылығына байланысты күріш егісінің көлемін 70 мың гектарға дейін қысқарту жоспарлануда. Өңірде республикадағы жалпы күріш көлемінің 90 пайызы өндіріліп, өнімнің 35-40 пайызы экспортқа шығарылады. Енді одан әрі дамытуды мақсат еткен облыс әкімі Мұрат Ергешбаев  Аризона (АҚШ) геномика институтының директоры, профессор Род Вингпен бірлесе жұмыс жасауға нақты мақсаттар қойды. Жердің сорлануы, судың тапшылығы, күріш айналасындағы өзге де шаруашылықтардың жағдайлары осы кездесуде талқыланып өтті.  

Бұл – кең көлемдегі талқыланған бір мәселе. Сонымен қатар Мұрат Ергешбаев Астана қаласына жұмыс сапары кезінде «Қорқыт ата әуежайын» сенімгерлік басқаруға беру аясында халықаралық «Vana International» компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен және «Kazakhstan Aviation Holding LTD» компаниясының мамандарымен кездесіп, Сыр еліне соны серпін алып келетін жобаларын пысықтады. 

Кездесуде тараптар әуежай инфрақұрылымын дамыту, әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейту және нысанды халықаралық талаптарға сәйкестендіру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қаралып, әуежай қызметінің сапасын, жолаушылар ағынын арттыру, логистикалық әлеуетті ілгерілету бойынша бірқатар ұсыныс айтылды.

Өз кезегінде Мұрат Нәлқожаұлы өңірдің көлік-логистика саласын жетілдірудегі жобалардың маңыздылығына тоқталып, инвесторлармен өзара тиімді әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді. Бұл келісімдер мен бастамалардың ішінде әуе, теміржол және халықаралық дәліздің жай күйі бар. Облыс үстінен өтетін бұл жолдар ел әлеуетінің күре тамыры болып отыр. Себебі аталған жобаларда жан-жақты жұмыстар қаралған. 

Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмысты әрі қарай жалғастыруға уағдаласты.

Атап өту қажет, осы жылдың 5 мамырында сол кездегі облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы «Vana International Holding» компаниясының өкілдерімен кездесіп, қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Соңғы жаңалықтардан ел хабар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысты. Мемлекет басшысы бұл форумның екі ел үшін тиімді әрі мазмұнды болғанын атап өтіп, алқалы жиынды ұйымдастыруға атсалысқан Түркия тарапына алғыс айтты. Президент Қазақстанда түрік компанияларына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанына да тоқтала келе былай деді:

– Қазір елімізде түрік капиталы бар 3 800-ге жуық кәсіпорын табысты қызмет етіп жатыр. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында мыңдаған жұмыс орны ашылды. Инвестициялық көрсеткішті арттыру үшін өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты тереңдету маңызды. Бүгінгі іс-шара бірлескен кәсіпорындар санын одан әрі көбейтуге мүмкіндік береді деп сенемін. Бұл ретте Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясы айрықша рөл атқаруға тиіс деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Форум аясында облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Түркияның «Fabe Agro» компаниясының басшысы Фатих Буданмен кездесті. Онда «Қызылорда облысында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған жылыжай кешенін салу» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын стратегиялық міндеттердің бірі – азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту. Қызылорда облысы – Қазақстандағы күріш өндіретін өңірлердің бірі. Еліміздегі күріш пен тұздың 90 пайыздан астамы біздің аймақта өндіріледі және өнімдер алыс-жақын шетелдерге экспортталады.

Өңірдің климаты картоп, көкөніс, бақша дақылдары және жеміс-жидектің барлық түрін өсіруге қолайлы. Маусымаралық кезеңде облыс тұрғындарын жергілікті әрі сапалы көкөніспен қамтамасыз ету үшін жылыжай шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Қазір жұмыс істеп тұрған жылыжайлардан алынатын өнім қызылордалықтардың сұранысының небәрі 1,5 пайызын ғана қамтамасыз етеді. Сондықтан өңірде жылыжай шаруашылығын кеңінен дамытудың маңызы зор. 

– Осы ретте, өңір кәсіпкерлері «Fabe Agro» компаниясының тәжірибесін ескере отырып, Қызылорда облысында жылыжай кешендерін салу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Жергілікті билік  әрбір инвесторға қолданыстағы заңнама аясында жер телімін беруге, даму институттарынан қаржылай қолдау алу кезінде құжаттарын рәсімдеуге жан-жақты көмек көрсетуге әзір, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Сол жағалаудағы көлемі 250 гектар ірі агроөнеркәсіптік жобаның жалпы құны 134,5 млрд теңге, оның аясында 250 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Кешеннің өндірістік қуаттылығы жылына 45 мың тонна қызанақ өндіруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бүгінде өңірде аумағы 12,1 гектар болатын 21 жылыжай, олардың қатарында «КазАгроМир» ЖШС-нің испандық заманауи технологиямен жабдықталған, толық автоматтандырылған 2 гектарлық жылыжай кешені бар.

 Бұл облыс әкімі М. Ергешбаевтың бір жұмада жасаған келісімдері, жобалары мен жоспарларының ішіндегі ең ірілері. Бұдан өзге ел әлеуетін көтеретін, экономикамызға әр беретін жұмыстары да бар. Оның сыртында мәдени, әлеуметтік жұмыстарды қосыңыз. Әрине, ел басшылығына келген соң мұндай жұмыстар жасауға міндетті. Дегенмен енді қайтер екенбіз деген елдің кешегі алаңы үшін сараптама жасап жатқанымыз. Ел азаматтары аман тұрғанда елдің көші алға қарай жүре берері сөзсіз. 

Атам қазақта «Тексіз төрге шықса, көкке қарар. Текті төрге шықса, көпке қарар» деген аталы сөз бар. Осы орайда, өңірде жаңа тағайындалған жаңа әкім  Мұрат Ергешбаев та көпке қараған азамат болып тұр.

А. СӘКЕН

 

04.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

122 МЛН КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 04.06.2026 32
Орташа   жөндеу жұмыстары жоспарлануда
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Тараз қаласы - 04.06.2026 35
Жазғы лагерь   маусымы басталды
А. ХАМИТТЕГІ - 04.06.2026 34

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25610
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25073
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42493
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38341
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42862