ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгінде, өскелең ұрпақтың санасын жаңғыртудың ең басты жолы ол - ұлттық патриотизмді қалыптастырып, азаматтық жауапкершілік пен қоғамның рухани бірлігін нығайту.
Бұл ретте жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, рәміздердің әрбір бөлшегіндегі ұлттық символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілерді ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін насихаттау да аса маңызды.
Жақында аудандық кітапхананың "Коворкинг" орталығында мемлекеттік рәміздерді орналастыру және оларды пайдалану тәртібін түсіндіру мақсатында әдістемелік семинар өтті.
Семинарды аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекова ашып, жүргізді.
Семинарға аудандағы мекеме және кәсіпорындардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім беру мекемелерінің мемлекеттік рәміздерге жауапты қызметкерлері және жастар өкілдері қатысты.
Семинар кеңеске Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы идеологиялық жұмыстар және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Қашқынбек Шынар Қайратқызы арнайы қатысып, мемлекеттік рәміздерді заңнамаға сәйкес дұрыс пайдалану, орналастыру және оларды қолданудың тәртібі мен талабын кеңінен түсіндірді.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылды. Жиналғандар көкейде жүрген сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
28.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 239
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 741
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 864
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 777

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8934
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8328
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11556
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9313
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10540