АҒАШ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

АҒАШ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ  ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

«Қазақстан Үкіметі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС арасында Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу өндірісін салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады», – деп хабарлайды baq.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Жалпы құны 70 млрд теңге болатын жоба 2026-2028 жылдары іске асырылады. Оны іске қосу кемінде 160 тұрақты жұмыс орнын құруға, ел ішінде ағаш өңдеуді кеңейтуге, дайын өнім өндірісін арттыруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Зауыттың өндірістік қуаты жылына шамамен 600 мың текше метр ағаш-жаңқалы плиталар (ДСП) мен  20 млн шаршы метр ламинацияланған ағаш-жаңқалы плиталарды (ЛДСП) құрайтын болады.

Келісім қазақстандық өндірушілердің тауарларын, шикізатын, жұмыстары мен қызметтерін міндетті түрде пайдалануды көздейді. Инвестор дайын өнімнің кемінде 50%-ын ішкі нарыққа бағыттауға міндеттеледі. Кәсіпорын жобалық қуаттың 80%-ына шыққаннан кейін отандық дайын өнім экспортының көлемі жылына 60 мың текше метрге дейін жетеді.

Өңірді әлеуметтік қолдау бойынша міндеттемелер де бекітілген. Сондай- ақ инвестор жұмыскерлерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізуге және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндеттеледі.

Жобаны іске асыру ағаш өңдеу саласының дамуына, жергілікті мазмұнды арттыруға, жұмыспен қамтуды кеңейтуге және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

 

Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы
03.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25660
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42533
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38381
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42909