Әкім Көкшетаудағы білім беру нысандарын аралады

Әкім Көкшетаудағы білім беру  нысандарын аралады

Өңір басшысы бірінші кезекте жаңадан салынып жатқан балалар көркемсурет мектебінің құрылыс барысымен танысты. Жалпы аумағы 1 мың шаршы метрден асатын жаңа ғимарат 350 оқушыға арналған.

Өңір басшысына көркемсурет мектебінің директоры Юлия Желобкова: 

 «Бұрынғы ғимаратта балалар төрт ауысымда оқыды, мұғалімдер бөлмесі болған жоқ, кабинеттер балалардың қажеттіліктеріне сай келмейтін. Жаңа ғимарат біздің ұсыныстарымызды ескере отырып салынды. Мұнда биік төбелі, кең әрі жарық сыныптар, арт-кеңістіктер, қажетті қосалқы бөлмелер және шатырдағы терраса қарастырылғаны тиімді болды. Мектеп пайдалануға берілген жағдайда жас суретшілердің сапалы білім алуымен қатар талантын шыңдауына заманауи жағдай жасап, балалардың шығармашылық әлеуетін дамытып қоймай, қосымша білім алуына тиімділігі артады. Қазіргі уақытта ғимараттың әрлеу, безендіру жұмыстарының 50 пайызы аяқталды. Нысанды жаңа оқу жылының басында пайдалануға беру жоспарда», – деп таныстырды.

Марат Мұратұлы ат басын келесі кезекте «Balakai» шығармашылық студиясына бұрды. Бұл студия 2021 жылдан бері нәтижелі жұмыс істеп келе жатқан өнер ұжымы. Студияда тоғыз бағыт бойынша 4 пен 17 жас аралығындағы 400-ден астам бала білім алады.

Нақтыласақ, қазақ және ағылшын тілдері, домбыра, ұлттық және заманауи би, кескіндеме, арт-терапия, эстрадалық вокал және робототехника бағыттары бойынша сабақтар жүргізіледі.

Мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, ұстаздар, білім алушы балалармен емен-жарқын әңгімелескен әкім ұжымға өз лебізін білдірді.

Әкім: 

«Қосымша білім беру ұйымдары балалардың қабілетін ашуда, олардың шығармашылық және зияткерлік дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Біз өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін барлық қажетті жағдайды жасап келеміз. Балалар спортпен де, шығармашылықпен де, ғылыммен де айналысуы керек. Бұл олардың жан-жақты дамуына, жаңа мүмкіндіктерді сынап көруіне және өзіне шын мәнінде ұнайтын істі табуына ықпалы зор болуға тиіс», – деген кеңес берді.

 

08.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26454
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25884
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43280
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39080
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43677