Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Жыл басынан бері Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК филиалдары 1800 шақырым каналды механикалық тәсілмен тазалады. Жыл соңына дейін тағы 411 шақырым каналды тазалау жоспарланып отыр.

 Осылайша, Қазақстанда каналдарды механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылы «Қазсушар» РМК филиалдары 1840 шақырым каналды тазаласа, 2024 жылы 1147,6 шақырым, ал 2023 жылы 678 шақырым канал тазартылды.

 Сонымен қатар суару желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 4,6 мың шақырым болатын каналдарда жұмыс атқарылуда. Жыл соңына дейін 962 шақырым каналды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл шамамен 200 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді.

 «Каналдарды механикалық тәсілмен тазалау суармалы жерлерге су беру сапасын жақсартып, су ысырабының көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл вегетация кезеңінің тұрақты өтуіне ықпал етеді. Тазалау жұмыстары қарқынының артуы «Қазсушар» РМК арнайы техника паркін жаңартумен байланысты. Былтыр кәсіпорынға 576 жаңа техника бөлінді. Бұдан бөлек, тариф қаражаты есебінен тағы 135 техника сатып алынды», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов.

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

09.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27521
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27029
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44366
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40118
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44707