Әкімнің жүз күндік жұмысы сараланды

Әкімнің жүз күндік жұмысы сараланды

 

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов 8 тамыз күні жергілікті «AQJAIYQ» телеарнасы арқылы шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тікелей эфирде сұқбат берді.

Сұқбатты жүргізген арна тілшілері Миржан Мұнайдарұлының қала әкімі болып тағайындалғанына 100 күн толғанын атап өтті. Бұл жауапты қызметке қалай кіріскенін әңгімелеген шаһар басшысы: – Облыс орталығының басшылығына келгеніме үш айдан астам уақыт өткен екен. Өздеріңіз білесіздер, Орал халқының саны жыл санап өсіп келеді. Бүгінгі күні халық саны 300 мыңнан асты. Сол себепті алдымен қаладағы барлық шағын аудандарды аралап, тұрғындармен жүздестім. Олардың көтерген мәселелеріне, ұсыныс-тілектеріне құлақ түрдім. Су, жол, баспана және басқа да мәселелерге қатысты қойылған сауалдарды назарға алып, алдағы жұмыс жоспарымызды бекіттік, – деді.

Қаладағы өзекті мәселелердің бірі – жолдың жайы екені белгілі. Осы мәселеге қатысты арна тілшісінің алғашқы сұрағына жауап берген шаһар басшысы бұл бағытта жүйелі жұмыстар жасалып жатқанын жеткізді. – Қазіргі уақытта қалада 615 шақырымдық жол болса, соның 50 пайыздан астамына жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Соның ішінде 155 шақырым жолда мүлдем асфальт жоқ. Бүгінгі күні 35 шақырымды құрайтын жолды жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жобаларды іске асыруға республикалық,  облыстық және қалалық бюджеттен қаржы қарастырылды, – деген әкім аталмыш жобаларға жекелей тоқталып өтті. Қаланың жолдары жөнделетінін, алайда бір мезетте барлығын бірдей жасау мүмкін еместігін де еске салды.

Сонымен қатар сұхбат барысында қаланы абаттандыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл да жоспарлы жұмыстардың бірі екенін мәлімдеген Миржан Мұнайдарұлы абаттандыру барысында аулаларды жаңарту, инженерлік желілерді қалпына келтіру, қаланы көркейту, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру, өз үйінің аумағында тынығуға жағдай жасау, балалардың ойын алаңдарын жасақтау жұмыстары қамтылатынын айтты. Алайда мұндай жұмыстар кезінде тұрғындардың жауапкершілігі де болуы тиіс. Көп жағдайда қалыпқа келтірілген, абаттандырылған нысандардың, жаңартылған аулалардың жыл өтпей-ақ жарамсыз болып қалатын фактілері кездесетінін жасырмады.

Қала әкімі тікелей эфир кезінде тұрғын үй құрылысына,  жолаушылар тасымалының сапасын жақсартуға, ауыз су мәселесіне, жұмыссыздықтың алдын алуға, қаланың санитарлық тазалығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Оған қоса Call-орталыққа және WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы келіп түскен сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ тікелей эфир кезінде әкімге сұрақ қойған тұрғындар да болды. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8441
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11668
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9431
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10648