Қоғамда әрдайым қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жанынан табылатын аса қамқор жандар бар. Олар әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері.
Бұл кісілер әлеуметтік осал топтағы және көпбалалы отбасындағы азаматтарға әркез көмек қолын созып тұрады.
Ауданымызда 25 баланы оңалтуға арналған жаңа Оңалту орталықта 27 сала мамандары мұқтаж адамдарға өз қызметтерін көрсетсе, 25 әлеуметтік қызметкер есепте тұрған 197 жалғыз басты, мүгедектігі бар азаматтарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Бүгін ауданда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.
Сала мамандарын аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов және аудандық мәслихаттың аппарат жетекшісі Бақыт Жұмағұлов құттықтап, үздік жетістіктерге жетіп жүрген бірқатар кәсіби мереке иелеріне аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарын табыстады.
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің арасында спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, жарыс жеңімпаздары марапатталды.