Әлеуметтік сала әркез ескеріледі

Әлеуметтік сала әркез ескеріледі

«Білімсіз ұрпақ тұл» дейді атам қазақ. Өңірдің білім беру саласында білім ошақтары салынып, ескілер күрделі жөндеуден өткен. Атап айтсақ,  Көкшетауда екі,  Бұланды, Петровка, Жанажол, Бестөбе, Бірсуат ауылындарында барлығы 1 708 орынды  жеті мектеп пайдаға берілсе,   ерекше күтім қажет ететін балаларға арналған  30 орындық орталық облыс орталығында ашылыпты. Білім болмаса, өркендеу, жетістік жоқ.

Өңірде 100 мыңнан астам адамды қамтыған 43 денсаулық  нысаны салынса,   оның ішінде аудан аралық кең ауқымды, заманауи технологиямен жабдықталған Степняк   қалалық ауруханасын атауға болады. Жаңадан   Сандықтау ауданында үш медициналық нысанның құрылысы   басталған, ол биыл пайдалануға беріледі. 

Өтпелі кезеңде қараусыз қалып, талан-таражға түскен мәдениет ошақтары жаңартылып, жаңадан салыну өңірде қарқын алуда. Оның айғағы – өткен жылы 770 орындық төрт мәдени нысан пайдалануға берілді. Ол Кенесары, Вознесенка, Щучинскідегі үш мәдениет үйімен  Жібек Жолы ауылындағы демалыс орталығы. 

Бұқаралық спорттың тынысы кеңейіп, Зеренді  спорт мектебі, Щучинскідегі көпфункционалды спорт сарайы, Макинскіде бассейн қатарлы алты спорт нысаны пайдалануға берілсе, 7 нысанның құрылысы жалғасып жатыр. 

Тұрғындарды баспанамен қамту біршама ілгерілеп, соңғы үш жылда өңірде 2 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе,  2025 жылы 694 мыңнан астам шаршы метр немесе 6 658 пәтер мұқтаждардың иелігіне өткен. 

Тарқата айтсақ, әлеуметтік тұрғын үйге мыңнан астам отбасы ие болып, тұрмыс жақсарыпты.  

Көкшетауда 2024 жылы басталған реновация бағдарламасы нәтиже беруде. Бағдарлама аясында Щучинск, Макинск, Аршалы, Зеренді ауылдарында  715 пәтер салынып, оған жарамсыз тұрғын үйлерде тұрған  187 отбасыда көшіріледі. Қосшы қаласында  сенімсіз құрылысшылардан зардап шеккен азаматтарға қолдау ретінде, «Ынтымақ» тұрғын үй кешенін пайдаға асыру арқылы 110 үй мұқтаждарға  беріліпті. Келесі кезекте «Даймонд Парк» тұрғын үй кешенін аяқтау жұмыстары жалғасып, «Шоколад» және «Құрылтай» тұрғын үй кешендерінің  мәселелері кезең-кезеңімен шешілмекші.

2026 жылы жалпы 698 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, оның 1300 пәтері әлеуметтік тұрғын үй ретінде үлестірілмек екен.  

Өткен жылы алғаш рет 78 ауылда, яғни шамамен 30 мың адам тұратын мекендерде  су беріліп, аңа су желілері мен кешенді блок-модульдер салынып, 44 мың адам сапалы ауызсуға қолы жетіпті. Облыс орталығында тәулігіне 30 мың текше метр  заманауи су тазалау құрылғы іске қосылып, 14 жыл шешілмеген мәселе шешімін тауыпты.

Өткен жылдары 25, биыл  7  елді мекен көгілдір отынмен қамтылыпты. Жылуға жарымаған Көкшетау қаласын, жаңа басталған   ТЭЦ құрылысын жоспарлы жүргізу арқылы  2029 жылы қаланы жылумен қамтудың орайы бар екен.   

Заман талабына сай тұрғындарды таза ауа, таза су, тұмса табиғатпен қатар, экологиясы таза көрікті  жайлы орындарда дем алдыру, көңілдерін көтеру өңірде біршама жақсарды. Соның ең ауқымдысы Көшетауда басталған «Көк шалғын» жобасы. Бұл жоба Көкшетаулықтар үшін өте құнды, жайлы жағдай болды. 

Онда жайлы орындар салынып, Қопа көлінің жағалауы көркеюмен  қатар,  «Taza Qazaqstan» бастамасы аясында Көкшетау қаласында жеті мыңнан астам ағаш отырғызылып, қала жасыл желекке айналып келеді.  

 

Дахан Шөкшир
27.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Қандастарымыздың оралуына зор тосқауыл қоятын пилоттық жоба қайта қаралуы тиіс!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.02.2026 78
Екі достың арасын не бүлдірді?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 19.02.2026 180
Бізге қандай  өзгеріс қажет?
Болат ДҮЙСЕМБІ, экономист-саясаткер, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - 12.02.2026 256

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23610
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23267
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39807
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36753
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40918