АЛҒАШ РЕТ РОБОТ АРҚЫЛЫ МИҒА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

АЛҒАШ РЕТ РОБОТ АРҚЫЛЫ МИҒА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында алғаш рет жасанды интеллекті бар робот арқылы мидың терең бөлігіндегі аймақтарға және созылмалы ауру түрлеріне ең ауыр ота түрі жасалды. Ал науқастың паркинсонмен ауырғанына он жылдан астам уақыт болған. Осы уақыт аралығында дәрі-дәрмекпен жүріп, дертіне ем таппаған тұрғынның миына, дәрігерлер жасанды интелекті бар робот арқылы ота жасауға тоқталды.
Жалпы паркинсон ауруы кезінде мидың нейрондары бұзылады және өледі. Аурудың негізгі белгілері: қолдың дірілдеуі, қозғалыстың бәсеңдеуі немесе қозғалыстың бөгеліп қалуы, ауырсыну, қозғалыс динамикасы және психиканың бұзылуы сынды әрекеттер. Аурудың соңы мүгедектікке әкеледі. Статистикаға сүйенсек, ер адамдар әйелдерге қарағанда бұл ауруға жиі шалдығады.
Мұндай ота Түркістан облысында алғаш рет жүргізілді. Дәрігерлер робот арқылы науқас миының түпкі бөлігін емдеп, кеуде тұсына кардио-стимулятор қойып береді.
Нейроорталықтың басшысы Асқар Бахтияровтың айтуынша, осыған дейін паркинсон ауруын дәрігерлер өздері өлшеп, үш кеңістіктегі мидың есебін оң- солы мен тереңдігін математикалық жолмен анықтайтын болған және бұл көп уақытты алады.
– Жалпы миға ота жасау ең нәзік ота түрі саналады. Оған арнайы навигация жүйесі мен жоспарлау станциясы керек. Ал роботта екі қондырғының қызметі үйлестірілген. Жасанды интелекттің өзінде навигациясымен жоспарлау станциясы да қарастырылған. Бүгінде біздің дәрігерлерге мидың 3D моделін жасап, керек нүктемізге дөп түсуге жол көрсететін ғылым жетімтігі – жасанды робот, – дейді дәрігер.
Қытай елінен әкелінген бұл робот 0,5 милиметр дәлдікпен түседі. Яғни ағзаның ең терең, қол жетуі қиын тұстарын 100 пайыз анықтап, діттеген тұста емдеу шараларын жүргізеді. Дәрігерлердің айтуынша бұл уақытты үнемдеп, отаға дәлдік беріп, әрі қауіпсіз өтуін қадағалайды. Одан бөлек мидың сау бөліктеріне зиян келтіруден сақтайды.
Қазіргі таңда бұл әдіс Орталық Азия елдерінің арасында тек Қазақстанда қолданылуда. Сондықтан бүгінгі ота барысын Өзбекстан елінен келген Ннейрохирургтар да бақылады. Олар ота тәсілін тәжірбие жүзінде іске асырып, өз елдерінде де қолдануды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, қытайлық робот еліміздің барлық өнірін аралап шығады. Ал екі апта бойы Түркістан облысында қолданылады деп күтілуде. Бүгінде Облыстық клиниканың дәрігерлері жасанды интеллект арқылы үш күрделі ота жасап үлгерген. Алдағы уақытта осы роботты қажет ететін науқастарға ота жасау жұмыстары жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 43
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 90
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 290
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 284
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 905

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8377
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586