Әлия Мұханбетжанова: Атқарылған жұмыстардың түпкі мәні маңызды

Әлия Мұханбетжанова:  Атқарылған жұмыстардың түпкі мәні маңызды

Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданы – қай бағытта да даму әлеуеті жоғары, аумағынан республикалық маңызы бар автокөлік және теміржол өтетін, тоғыз жолдың торабына жайғасқан елді мекен.

 

Жуырда БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында болған аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова аймақтың даму барысы, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар төңірегінде баяндады. Құрамына 15 округ, 49 елді мекен кіретін Теректіде бүгінгі таңда 38 мыңнан астам халық қоныстанған. Биылғы жылы аудан бюджеті 12,7 млрд теңгені, оның ішінде салық түсімдері 3,2 млн теңгені құрап отыр. Өткен жылы аудан қазынасы 18 761,3 млн теңгені құраған. Мемлекет басшысының елге қаржы көздерін тарту тапсырмасы аясында жыл басынан аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 24,2 млрд теңгеге жеткен. Соның ішінде 9,7 млрд теңге – жеке инвестиция есебінен болса, 14,5 млрд теңге – бюджет қаражаты.

– Бұл бағытта жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Атап айтқанда, инвестициялық жобалар тізілімі жасақталып, жалпы құны 15,0 млрд теңге болатын 98 жоба енгізілді. Олар құс, өсімдік, балық өсіру шаруашылықтары, жол бойындағы қызмет, сүт фермасы, көкөніс сақтау қоймасы, ауыл шаруашылығы техникасын алу сынды бағыттарды қамтиды. Жыл басынан бері 57 жоба жүзеге асырылып, 60-тан астам жұмыс орны құрылды. Бұл жұмыстардың барлығы кәсіпкерлік саласы көрсеткіштерінің өсіміне бағытталған. Аудан бойынша 2255 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, соның 2134-і жұмыс жасап тұр және оларда 4 мыңнан астам жерлесіміз жұмыс істейді, – деген аудан басшысы жыл соңына дейін тағы алты жобаны іске қосу жоспарланғанын жеткізді.

Аудан әкімі Әлия Биғазықызы еңбеккер тұрғындар кооперативтерге бірігу арқылы нәтижелі жұмыстар жасап жатқанын айтты. Аудан бойынша тіркелген 66 осындай кооперативтің 62-сі белсенді түрде жұмыс атқаруда. Олар ірі қара мал және тұқымдық түрлендіру, сүт қабылдау, су жеткізу және балық өсіру кәсіптерін қолға алған. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар мал шаруашылығынан бөлек, балық, таңқурай, құлпынай, бөдене өсіру сынды жобалармен айналысуда.

Тұрғын үй құрылысы саласына келер болсақ, Тоқпай ауылында өткен жылы пайдалануға берілген 120 пәтерлі 20 тұрғын үйден 99 адам «Отбасы банк» арқылы үйлі болыпты. Құрылысы жоспарлы түрде жүргізіліп жатқан Подстепное ауылындағы 13 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2026 жылы аяқталады деп күтілуде. Бұл пәтерлер де «Отбасы банк» салымшыларына бұйырмақ. Жалпы, Теректіде 1689 адам тұрғын үй кезегіне тіркелсе, баспана салу үшін жер теліміне кезекке тұрғандар саны 14 мыңнан асқан.

– Мемлекет халықты ауылда тұрақтандыру мақсатында түрлі санаттағы азаматтардың қажеттілігін ескеретін бірқатар бағдарлама әзірледі. Солардың бірі – әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған баспаналар. Аудан аумағынан 13 ауылда осындай нысандардың құрылысы жүруде. Бірінші транш бойынша 14 пәтерлі жеті үйдің, екінші транш бойынша жиырма пәтерлі 10 үйдің құрылысы аяқталды. Енді сатып алу шарттары мен құжаттарын дайындау рәсімдері жүргізілуде. Келесі жылға сегіз пәтерлік төрт үйді аталған жүйе бойынша алуды жоспарлап отырмыз, – деді аудан басшысы.

Бұлардан бөлек, аудан әкімі өз баяндамасында бес ауылда жаңа ветеринариялық пункттер салынғанын, ветеринарларға облыс әкімінің бастамасымен 15 қызметтік көлік берілгенін, үш мал сою пунктінің құрылысы инвесторлар қаражатына жүргізіліп жатқанын, аудан халқының 99 пайызы көгілдір отынмен қамтылғанын, сапалы ауызсумен қамту үшін 10 ауылға кешенді қондырғы орнатылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ мәдениет және спорт салаларындағы іс-шаралар туралы да айтып өтті. Тағы бір айта кетерлігі, облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қаладан – ауылға» бағдарламасының нәтижесінде Теректі ауданындағы ауылдық жерлерге 14 отбасы көшіп барған. «Біз үшін атқарылған жұмыстар мен жобалардың өзі ғана емес, түпкі мәні маңызды», – дейді Теректі ауданының әкімі Ә. Мұханбетжанова.

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

Батыс Қазақстан облысы

07.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 853

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19758
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19571
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33275
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37093