Алматы облысы Шетелде жұмыс істеуге мүмкіндіктер артады

Алматы облысы  Шетелде жұмыс істеуге мүмкіндіктер артады

Қонаев қаласында жастарға бағытталған көші-қон мәселелері бойынша кездесу өтті. Жиынды Мансап орталығы мен Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM / UN Migration) ұйымдастырды. Мұндағы негізгі мақсат – азаматтардың шетелге шығуына заңды түрде дайындығы мен саладағы маңызды ақпараттармен бөлісу.

Кездесу барысында қатысушыларға қолжетімді бағдарламалар, виза талаптары, еңбек көші-қонының кезеңдері, сондай-ақ адам құқықтар мен міндеттер талқыланды. Мамандар заңсыз жұмысқа орналасудың қауіптері мен адам саудасының алдын алу жолдарына да ерекше тоқталды. Шара аясында Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық бағдарлама қызметкері Светлана Бекмамбетова сөз сөйлеп, IOM-ның Қазақстандағы қызметі туралы баяндады. Аталған кездесу – жастар мен тұрғындардың қауіпсіз еңбек көші-қоны туралы білімін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Ақпараттанған азамат – қорғалған азамат. Сондықтан мұндай бастамалар қоғам үшін аса өзекті.

 

11.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23378
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23045
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39171
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36568
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40682