Алматы облысының үлкен ауылының тұрғындары атом электр станциясының құрылысы туралы пікір айтты

Алматы облысының үлкен ауылының тұрғындары атом электр станциясының құрылысы туралы пікір айтты

Қонаевта Қазақстанда атом электр станциясы салу турасында қоғамдық талқылау өтті. Тамыздың 14-інде Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған кездесуге сарапшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен Алматы облысының тұрғындары қатысты.

Атом электр станциясын салудағы басты қажеттілік – еліміздегі өзекті электр энергиясына тапшылық мәселесін шешу. Сарапшылар атом энергетикасын дамыту жоспары туралы егжей-тегжейлі баяндап, оның қауіпсіздігі, экологиялық тазалығы және экономикалық тиімділігіне баса назар аударды.

Аймақ тұрғындары пікірталасқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған қауіпсіздік, экономика, экология мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды.  

«Өркениеттің жетістіктерін тиімді пайдаланатын мемлекет қана дамып, алға жылжиды. Егер қуатты электр көзімен қамтамасыз етілмесе, ел дамудың жоғары деңгейіне жете алмайды. Экономиканы өркендету, өндірістер мен жаңа кәсіпорындарды іске қосу үшін бізге АЭС салу қажет. Қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, заманауи технологияларды дұрыс пайдаланған жағдайда ғана біз жетістікке жетеміз», – деп түсіндірді Алматы облысы Семей полигоны мүгедектері мен ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Талғар ауданының Құрметті азаматы Нұрлыбай Мұсапиров.

Сарапшылар Қазақстандағы атом электр станцияларында МАГАТЭ-нің қатаң стандарттарына сәйкес келетін III және III+ буын реакторлары қолданылатынын алға тартты. Ең бастысы атом электр станцияларының экологиялық қауіпсіздігі  және СО2 шығарындыларының ауаға тарамауы екенін баса айтты. Сондай-ақ мамандар қазір бүкіл әлемде қолданылатын радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеудің озық технологиялары туралы жан-жақты ақпарат берді.

«Үлкен Су» ӨК бас инженері Сергей Владимирович Третьяков атап өткендей, бұл шаралардың барлығы атом энергетикасын барынша қауіпсіз және экологиялық таза ету үшін қабылдануда. «Әлем өзгеруде, соған сай электр энергиясын тұтыну мөлшері де артуда. Ал 70-ші жылдары салынған электр станцияларымыз ескірген. Бізге тұрақты қуат қажет, ал атом энергетикасы — бұл қиындықтан алып шығатын жалғыз шешім. Иә, алаңдаушылық бар, бірақ қазіргі реакторлар қауіпсіз, ал Қазақстанның ауыр апаттарсыз атом технологияларымен жұмыс істеуде 57 жылдық тәжірибесі бар. АЭС арқылы таза энергия өндіріп, сыртқы шығындардан арыламыз және қосымша жұмыс орындары ашылып, халықтың тұрмысының жақсаруына жол ашылады. Үлкенде АЭС салу  еліміздің ғылыми әлеуетін пайдалануға және толыққанды атом саласын құруға мүмкіндік береді», – деді. Ары қарайғы сөзінде: – Мен 1985 жылдан бері бұл құрылысты күтіп жүрмін. Бұл атом станциясы біздің балаларымыз және болашағымыз үшін керек деп есептеймін. Егер көрші ел бізге электрэнергиясын беруден бас тартса, онда жарықсыз қалу қаупіміз бар. Бұл еліміздің беделін атттыратын үлкен мүмкіндік. Қытайда АЭС бар, Өзбекстан құрылысын жүргізуде. Мен де ұрпағымның жарқын болашағын ойлай отырып, АЭС салу ісін қолдаймын, – деді ол.

Қоғамдық талқылау барысында АЭС салуы арқылы еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қалыптасып, жаңа жұмыс орындары ашылып, аралас салалардың дамуына жол ашылатыны айтылды.

Қазір атом электр станцияларына қызмет көрсету үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға ерекше назар аударылуда. Бұл туралы да сарапшылар жан-жақты айтып берді.

Алматы облысының тұрғындары қоғамдық талқылауда бейбіт атом энергетикасына қарсы еместігін білдірді. АЭС салу идеясын энергетика саласының ардагерлері де қолдап, энергетикалық дағдарыстан шығудың жалғыз шешімі осы екенін сенімділікпен жеткізді. Қоғам қайраткерлері АЭС қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыратынын, ал жастар жаңа технологиялардың дамуын атом энергетикасымен байланыстыратынын атап өтті.

Қонаевтағы жария талқылау қазақстандық қоғамның атом энергетикасын одан әрі дамытуға дайын екенін көрсетті. Жиналғандар еліміздің жаңа заманның, яғни атам энергетикасы дәуірінің табалдырығында тұрғанын, оны  болашақ ұрпақ үшін енгізіп, дамыту аса қажет екенін алға тартып, жобаны бірауыздан қолдады.

13.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 59
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 46
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 137
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 120
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 532
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 501
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 522
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 519
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 513
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 530
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 518

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9765
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9138
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12373
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11351