Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Алматыда AI Engineering білім беру бағдарламасының жаңа легі іске қосылады. Бағдарлама аясында 14 жастан бастап мектеп оқушылары мен студенттер жасанды интеллект негіздерін меңгеріп, AI технологиялары негізінде өз инженерлік жобаларын әзірлейді. Бағдарламаға алдын ала іріктеуден өткен шамамен 100 жас қатысады.

Бастама “Makerspace Expands!” желісі аясында АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы мен Chevron компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Бағдарлама жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға және технологиялық ортада қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған.

AI Engineering бағдарламасы екінші жыл қатарынан өткізілуде. 2025 жылы оған Қазақстанның әртүрлі қалаларынан 100-ге жуық оқушы мен студент қатысып, жасанды интеллект негіздерін меңгеріп, қазақ тілінде AI-ассистенттер әзірледі, сондай-ақ заманауи дауыс және мәтіндік жүйелердің жұмыс істеу қағидаларымен танысты.

2026 жылы бағдарлама жаңартылған практикалық форматқа көшіп, инженерлік бағытты күшейтті. Қатысушылар Raspberry Pi бірплаталы компьютерімен жұмыс істеп, компьютерлік көру және машиналық оқыту негіздерін үйреніп, жасанды интеллектке негізделген интерактивті құрылғыларды өздері жасайды.

«Біздің мақсатымыз — оқушыларға жасанды интеллекттің абстрактілі технология емес, өз қолыңмен жасауға болатын құрал екенін көрсету. Raspberry Pi-мен жұмыс істеу барысында қатысушылар деректерді жинаудан бастап модельді оқытуға дейін және толыққанды жұмыс істейтін құрылғы жасауға дейінгі барлық кезеңнен өтеді», — дейді Әділет Болатхан, AI Engineering курсының авторларының бірі.

AI Engineering бағдарламасы — Makerspace желісінің Қазақстан жастары арасында инженерлік ойлауды, цифрлық дағдыларды және технологияға қызығушылықты дамытуға бағытталған білім беру бастамаларының бір бөлігі.

Өткізу күндері: 2026 жылғы 27–30 сәуір, 2, 4–6 мамыр (қалаларға байланысты өзгеруі мүмкін)

Өтетін орны: Назарбаев көшесі 43, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы

Қатысушылар жасы: 13 жастан бастап

Қатысу тегін, орын саны шектеулі

Тіркелу: https://forms.gle/ZgshcozDn7QZWdrC9 

 

08.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24276
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23940
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41401
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37314
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41642