ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

ҰҚК-нің жаңа төрағасы  тағайындалды

2026 жылғы 16 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Марат Ғатаұллаұлы Ирменов тағайындалды. Бұл – елдің ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі жауапты басшылық қызметке жасалған маңызды кадрлық тағайындау.

Марат Ирменовтің ұлттық қауіпсіздік органдарындағы еңбек жолы 1996 жылдан басталады. 

Ол 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті институтын, 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын тәмамдаған. 1996-2000 жылдары жедел қызметтерде, ал 2000-2025 жылдары басшылық лауазымдарда еңбек еткен. Әр жылдары Алматы қаласы, Ақтөбе және Жамбыл облыстары бойынша ҰҚК департаменттерін басқарған. 2025 жылғы қазаннан бастап Комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Марат Ғатаұллаұлына кәсіби қызметіндегі тәжірибесі мен еңбегі ескеріліп, 2019 жылы оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілген. Сонымен қатар ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Ол – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері.

Ал 2022 жылғы қаңтардан бері ҰҚК төрағасы қызметін атқарып келген Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен лауазымынан босатылды. Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәліметінше, оның қызметтен кетуіне басқа жұмысқа ауысуы себеп болған. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне басшылық ету – мемлекеттің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын, конституциялық құрылысын, қоғамдық тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған аса жауапты міндет. Бұл қызмет кәсіби біліктілікпен қатар, жоғары жауапкершілікті, қырағылық пен табандылықты талап етеді.

Марат Ғатаұллаұлын жаңа қызметімен құттықтаймыз! Ел қауіпсіздігін нығайту жолындағы жауапты еңбегіне табыс, абырой тілейміз. Ұлтқа адал қызмет етіп, ел сенімін ақтайды деген үміттеміз!

 

19.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29777
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29333
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46559
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42134
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46909