Алматыда «Рахат» фабрикасына арналған арт-нысан орнатылды

Алматыда «Рахат» фабрикасына арналған арт-нысан орнатылды

Көк базар аумағында, Зенков пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында «Рахат» кондитерлік фабрикасына арналған арт-нысан орнатылды.

Көркем композиция фабриканың көпшілікке танымал өнімдері мен Алматының гастрономиялық мұрасына қосқан үлесін бейнелейтін үлкейтілген шоколад тақташалары мен кәмпиттер түрінде жасалған. Нысан кәсіпорынға қарама-қарсы, Көк базардың туристік бағыттарының біріне жақын орналасқан. Ол қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа фотосуретке түсу орнына және тартымды мекенге айналмақ.

Арт-нысан мемлекеттік бюджет қаражатын тартпай, демеушілердің қолдауымен орнатылды. Ол жаңартылып жатқан қоғамдық кеңістіктің бір бөлігіне және қалыптасып келе жатқан гастрономиялық көшенің көрнекті құрылымдарының біріне айналады.

Алматыдағы гастрономиялық көшелерді дамыту жобасын «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы үйлестіреді.

Көк базар маңында қоғамдық кеңістіктерді көркейту және жүргінші инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Негізгі жұмыстарды 2026 жылы желтоқсанның ортасына дейін аяқтау жоспарланған.

24.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29836
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29391
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46618
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42188
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46963